Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 12 наурыздағы № 310 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды
Осы қаулыға түсініктемені қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Әкелiнетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 46, 450-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзiмде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабардар етсiн.
3. Осы қаулы 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
?кіметінiң
2004 жылғы 12 наурыздағы
№ 310 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
1996 жылғы 14 қарашадағы
№ 1389 қаулысына
1-қосымша
Әкелiнетiн тауарларға кедендiк баждардың ставкалары
* - Тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауымен де
айқындалады.
1) Белгiленген температураларда және күкiрттi сутегi (Н2S) бар ортада жұмыс iстеу үшiн техникалық параметрлер мен белгiлеулер тиiстi жазумен: машиналар мен жабдықтар үшiн - паспортында, құбырлар үшiн зауыттық сынақтардың сертификатында расталуға тиiс.
2) Дайындалған сәтiнен бастап 10 жылдан асқан көлiк құралдарын әкелу кезiнде жүрiс шамасына қарамастан, көлiк құралының кеден құнының 15 пайызы мөлшерiнде кедендiк баж төленедi.
3) Медициналық мақсаттарға арнайы арналған автомобиль ауруды тасымалдау үшiн зембiлдермен, медициналық аппаратурамен, оны бекiтуге арналған тетiктермен жабдықталуға, арнайы тану таңбалары мен тиiстi дыбыс және жарық дабыл бергiштерi болуға, сондай-ақ ауруды онда орнатылатын медициналық зембiлдермен тасымалдау мүмкiндiгi болуға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 12 наурыздағы
№ 310 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 14 қарашадағы
№ 1389 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген кезде преференциялық
режим қолданылатын тауарлардың тiзбесi