Ядролық материал мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау туралы конвенция (Вена, Нью-Йорк қ., 1980 жылғы 3 наурызда) (2005.08.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Ядролық материал мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау туралы
конвенция
(Вена, Нью-Йорк қ., 1980 жылғы 3 наурызда)

(2005.08.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2005 ж. 08.07. Түзетумен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

 

22.12.04 ж. № 17-III ҚР Заңымен Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қосылды

Конвенция 2005 ж. 2 қазанда ҚР үшін күшіне енді

 

2005 ж. 08.07. Түзетумен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

ОСЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР

Барлық мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта дамыту және қолдану құқығын және олардың атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану нәтижесінде ықтимал пайда алуға заңды қызығушылығын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,

Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану мүддесінде ядролық технологияларды беру және халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажеттілігіне КӨЗ ЖЕТКІЗЕ ОТЫРЫП,

Физикалық қорғаудегің халықтың денсаулығын, қауіпсіздікті, қоршаған ортаны және ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қорғау үшін өмірлік маңызды мәні болатынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы тату көршілік және достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастыққа жәрдемдесуге қатысты принциптері мен мақсаттарын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,

Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 2-бабының 4-тармағына сәйкес «Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері оларды халықаралық қарым-қатынаста күшпен қорқыту немесе оны аумақтық дербестікке немесе кез келген мемлекеттің саяси тәуелсіздігіне қарсы қолданудан тартынады, сөйтіп және қандай да бір басқаша түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттарымен үйлеспейтіндігін» ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,

Бас Ассамблеяның 1994 жылғы 9 желтоқсандағы 49/60 қарарына қосымшада қамтылған, халықаралық терроризмді жою шаралары туралы Декларацияға СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП,

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.