5. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары тұрғын үй көмегін беру қағидалары негізінде айқындайды.
6. Меншіктің барлық нысанындағы тұрғынжайлардағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша алынады.
7. Тұрғынжайға ақы төлеу және коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы жөніндегі шығыстарды тұрғынжайда тұратын бірнеше жалдаушы (қосымша жалдаушы) немесе меншік иесі арасында бөлу тәртібі - тараптардың келісуімен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен айқындалады.
8. Осы баптың 4-тармағында көзделген шығыстарға ақы төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
13-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудiң және оны пайдаланудың ерекшелiктерi
ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 98-бап өзгертілді
98-бап. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының пайдалануына берiлген коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлетiн тұрғынжайды жалдаушы осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
2. Осы бапта аталған азаматтарға берiлген, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлген тұрғын үйдi жергiлiктi атқару органының келісімiмен басқа тұрғын үйге ауыстыруға болады.
Бұл орайда ауыстыру азаматтардың тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатуға әкеп соқпауға тиiс, өйткенi бұл жағдайда ол осы Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адам болып шығады.
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер жалдаушылардың меншігіне өтеусіз беріледі.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқығы бар азаматтар үшін жаңа көпқабатты тұрғын үйлерді салу арқылы коммуналдық тұрғын үй қорын ұлғайту кезінде жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен энергиялық тиімді көппәтерлі тұрғын үйлерді ғана салады.
98-1-бап. 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 98-2-баппен толықтырылды
98-2-бап. Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайлардың құқықтық режимі
1. 1990 жылға дейінгі кезеңде пайдалануға берілген, меншік нысанын өзгерткен мемлекеттік кәсіпорынға тиесілі болған, мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғынжайында тұратын Қазақстан Республикасының азаматы өзі тұрып жатқан тұрғынжайды осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жекешелендіруге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, коммуналдық меншікке берілген тұрғынжай онда тұратын жалдаушыға беріледі, ол оны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
3. Жалдаушы қайтыс болған жағдайда, осы тұрғынжайды жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
4. Тұрғынжайды жалдаушының коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіруі кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісуімен және кәмелетке толмағандардың құқықтары ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Тұрғынжайды жекешелендіру жалдаушы (оның мұрагері) мен жергілікті атқарушы орган арасында жасалатын тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді.
99-бап. 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
100-бап. 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 101-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 101-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 101-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
1. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi пайдалану жөніндегі қатынастарға осы Заңның 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғын-жайларды беру және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерi, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттiк қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттiк ұйымдарда (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс стажы бар ғарышкерлікке кандидаттардың, ғарышкерлердің тұрғын үйді өтеуіз жекешелендіру құқығы бар.
Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен он жəне одан көп жыл болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе əскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе əскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен жиырма жəне одан көп жыл болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе əскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе əскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе əскери қызметтен шығарылған, осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде аталған, қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе əскери қызметші қызмет өткеру кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда, аталған қаза болған (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелерінің осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжайды алуға жəне оны өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.
5. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімімен мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы басқа тұрғын үйге айырбастауға болады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 3, 4 немесе 4-1-тармақтарында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Осы бапта көрсетілген адамдардың тұрғын үйді босатуына, оларды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген негіздер бойынша жол беріледі.
8. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 13-1-тараумен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен 13-1-тарау жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-1-тараудың тақырыбы өзгертілді; 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 13-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1-тарау. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 101-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-1-бап жаңа редакцияда
101-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшінің (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға құқығының іске асырылуы
1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету осы тарауда белгіленген тəртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымды атқаратын арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне, əскери қызметшіге, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне олардың таңдауы бойынша қызметтік тұрғынжай беріледі немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады.
Тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымды атқаратын арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, əскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін қызметтік тұрғынжай беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету тəртібін жəне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру жəне қайта бастау тəртібін, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаттары мен негіздерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Əрекеттегі резервтің қызметкері мен əскери қызметшісіне, штаттағы жасырын қызметкерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тəртібін арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының (прокуратура мен азаматтық қорғау органдарын қоспағанда) бірінші басшылары жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
2. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды осы Заңда белгіленген тəртіппен жекешелендіруге құқығы бар.
3. 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он жəне одан көп жыл əскери қызметте болған, күнтізбелік есептеумен жиырма жəне одан көп жыл əскери қызмет мерзімі бар жəне жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын əскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
4. Отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттілігіне байланысты арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші жұбайының (зайыбының) қызмет (əскери қызмет) орны өзгерген кезде отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығуды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші қызметте болудың шекті жасына жету бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты немесе отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін алады.
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшісіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке (үздіксіз қызметке) кірген соңғы күнінен бастап - 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардан арнаулы мемлекеттік органдарға (үздіксіз қызметке) көрсетілген күннен кейін ауысқан жағдайда бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің кезеңдері шегеріле отырып, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалады.
Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне немесе əскери қызметшіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін, бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің кезеңдері шегеріле отырып, ағымдағы тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Қызмет өткеру кезеңінде мертігуіне (жарақаттануына, жаралануына, контузия алуына) немесе науқастануына байланысты əскери-дəрігерлік комиссия қызметке (əскери қызметке) жарамсыз деп танып, есептен (əскери есептен) шығарған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші қызметтен шығарылған кезде аталған қызметкер мен əскери қызметшіге біржолғы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен аударылады.
6. Тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мақсаттарға пайдаланылады.
7. Тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы немесе тұрғынжайға меншік құқығының туындауы бір рет жүзеге асырылады.
101-2-бап. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-3-бап өзгертілді; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 101-3-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-3-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-3-бап. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға мұқтаж деп тану
1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші, егер олардың:
1) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады. Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің талабы тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша орындалмаған міндеттемесі бар құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкеріне жəне əскери қызметшіге қолданылмайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрақты пайдалануында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
Осы тармақтың тұрғынжайға мұқтаж деп тану бөлігіндегі күші құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелеріне қолданылады.
Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкері жəне əскери қызметші жұбайының (зайыбының) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін осы елді мекенде өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайы бар болған не соңғы бес жыл мерзім ішінде иеліктен шығарылған тұрғынжайы болған жағдайда, аталған қызметкер немесе əскери қызметші жұбайы (зайыбы) есепке алынбай тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
2. Егер ерлі-зайыптылар құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерлері жəне (немесе) əскери қызметшілер болып табылса, тұрғын үй төлемдері ерлі-зайыптылардың таңдауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі. Олардың біреуінің жеке арнайы жəне (немесе) жинақ шоттары оның өтініші бойынша «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен жабылады.
Ерлі-зайыптының біреуінің жеке арнайы жəне (немесе) жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тұрғын үй төлемдерін алушы ерлі-зайыптының екіншісінің жеке арнайы жəне (немесе) жинақ шоттарына аударылады.
3. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін жəне əскери қызметшіні, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы) немесе отбасы мүшелері осы елді мекенде:
1) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;
2) тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы оның туындауы құқығын пайдаланса, оның ішінде қызмет өткеретін жерінде осы Заңның 101-6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құқықты пайдаланған болса;
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
4) зайыбының (жұбайының) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін тұрғынжайы болған жағдайды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде тұрғынжайды иеліктен шығаруды жүргізсе, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің иеліктен шығарылуы есепке алынбайды;
5) меншік құқығында, оның ішінде меншікті қаражаты есебінен жəне (немесе) ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып алған не неке шартының, сондай-ақ сыйға тарту шартының талаптарымен немесе мұрагерлік бойынша пайда болған тұрғынжайы бар болса, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.
Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерінде жəне əскери қызметшіде мұрагерлік бойынша алынған тұрғынжайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы өзге де тұрғынжай пайда болған жағдайда да оларды тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.
4. Осы баптың күші курсантқа, кадетке жəне (немесе) тыңдаушыға, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіге, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіге, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамға қолданылмайды.
101-4-бап. 2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-5-бап. 2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-6-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушының құқықтары мен міндеттері
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемеден өзінің жеке арнайы шотына аударылған ақша туралы мəліметтерді жыл сайын талап етуге;
2) пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жеке арнайы шотында жинақтауға;
3) тұрғын үй төлемдерін қызмет өткеріп жүрген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде мақсаты бойынша пайдалануға құқылы.