2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Жекеше нотариустардың қағаз түріндегі құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс.
Нотариустардың электрондық түрдегі құжаттары Қағидаларға сəйкес міндетті түрде нотариаттық цифрлық архивте қалыптастырылуға тиіс.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Нотариаттық цифрлық архив - бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық түрдегі нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алуға жəне пайдалануға арналған құрауышы.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды; 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Нотариаттық қызмет туралы мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау процестерін автоматтандыруға және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған цифрлық жүйе бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе болып табылады.
2. Жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге енгізіледі.
3-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Нотариаттық әрекеттер жасау туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер нотариаттық цифрлық архивте орналастырылуға тиіс.
4. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге қолжетімділік нотариустардан бөлек, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілеттік берілген адамдарға беріледі.
Нотариустар және бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеде қамтылған мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген басқа да адамдар және қолдап отыру мен жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға осындай жүйеде қамтылған мәліметтерді ашпауға және таратпауға міндетті.
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы Заңда белгіленген жағдайларда аумақтық əділет органы жəне нотариаттық палата нотариаттық цифрлық архивке қолжетімділікті Қағидаларда көзделген тəртіппен басқа нотариусқа береді.
5. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеде қамтылған мәліметтерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану қағидаларын уəкілетті орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
7. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе Республикалық нотариаттық палатаның, нотариаттық палаталар мен уəкілетті органның ақпаратты жинауы мен талдауы үшін қолданылуы мүмкін.
8. 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды
4-2-бап. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің мазмұны
1. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе:
1) нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінен;
2) мұрагерлік істер тізілімінен;
3) өсиеттерді есепке алу тізілімінен;
4) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) нотариаттық цифрлық архивтен тұрады.
Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеде нотариаттық қызметке қатысты өзге де мәліметтер, оның ішінде ақпараттық, қосалқы, анықтамалық-талдамалық сипаттағы мәліметтер қамтылады.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін уəкілетті орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
3. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің осы Заңда көзделген тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын уəкілетті орган белгілейді.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-3-баппен толықтырылды
4-3-бап. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге мәліметтерді енгізу
1. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге мәліметтерді енгізуді нотариустар жүзеге асырады.
Нотариустар бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге мынадай:
1) нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде олардың жасалғаны туралы мәліметтерді енгізуге міндетті.
Сенімхатты куәландыру немесе оның күшін жою бойынша нотариаттық әрекетті бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде нотариустар бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге сенімхаттың электрондық үлгісін (электрондық нұсқасын) енгізуге міндетті;
2) мұрагерлік істі жүргізуге негіз болып табылатын өтініштер келіп түскен кезде мұраның ашылғаны туралы;
3) өсиеттердің есепке алынғаны туралы мәліметтерді;
4) осы Заңның 4-2-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтерді енгізуге міндетті.
2. Нотариаттық әрекеттер жасалғаны туралы мәліметтерді нотариус бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміне дереу енгізеді.
3. Мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді нотариус тиісті өтініштер келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің мұрагерлік істер тізіліміне енгізеді.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 4-4-баппен толықтырылды
4-4-бап. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеде қамтылған мәліметтерді ұсыну
1. Адамдар өзіне қатысты мынадай:
1) куәландырылған сенімхат (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні және уақыты туралы мәліметтер);
2) ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер);
3) нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) туралы мәліметтерді өтеусіз негізде алуға құқылы.
2. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде қамтылған және нотариаттық әрекетті жасауға немесе нотариаттық құжаттың жарамдылығын тексеруге қажетті мәліметтер нотариустарға олардың бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе арқылы берілген сұрау салулары бойынша ұсынылады.
Өзіне қатысты бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде қамтылатын мәліметтер сұратылып отырған адамға сұрау салу фактісі туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
3-тармақтың қолданысы 2021 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңының 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және сот орындаушыларының қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер, іздестіру істері, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ақпарат алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап. Нотариаттық iс жүргiзiлетiн тiл
1. Нотариаттық iс Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Егер нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адам iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе, ресiмделген құжаттардың мәтiндерi оның өтiнiшi бойынша осы Заңның 80-бабына сәйкес ақы төлеттiрiп аударылып берiлуге тиiс.
2-тарау. Нотариустың құқықтық жағдайы
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен; 11.07.01 ж. № 235-II Заңымен; 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен; 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариус
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызмет атқаратын әкімшілік мемлекеттік қызметші мемлекеттік нотариус болып табылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуды қоспағанда, мемлекеттік нотариусқа осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар қолданылады.
1.1. Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгiленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабiлетсіз не iс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды.
Мыналар:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кəсіптік жарамсыздығына байланысты судьяның атқаратын лауазымына сай еместігі туралы шешімі негізінде өкілеттігін тоқтатқан судьяны қоспағанда, теріс себептер бойынша судья лауазымынан босатылған адам шығарылған (босатылған) күннен бастап бір жыл бойы;
әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы;
нотариаттық әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін мемлекеттік нотариус лауазымынан шығарылған адам;
осы Заңның 11-бабының 2), 5) жəне 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айырылған, сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл өткен соң нотариаттық қызметпен айналысуға қайта үміттенуге құқығы бар адамдарды қоспағанда, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айырылған адам;
егер шығарылған күнінен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығарылған не адвокаттар алқасына мүшелігі тоқтатылған адам да нотариус бола алмайды.
2. Жекеше және мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметтi жүзеге асырған кездегi құқықтары, мiндеттер тең болады. Олар ресiмдеген құжаттардың бiрдей заң күшi болады.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (мемлекеттік нотариусты және осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2),3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) нотариаттық iс-әрекеттер жасауы, не нотариат туралы заңдардың өзге де талаптарын бұзып жасауы және сол iс-әрекеттерден табыс табуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.
4. Аумақтық әділет органы мемлекеттік нотариустың нотариаттық iс-әрекеттері үшін мүліктік жауапкершілікте болады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері
1. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады.
3. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесінің құрамында бола алады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады.
Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда өздерінің тіркелген (тұрғылықты) жері бойынша тағылымдамадан өтеді.
Осы Заңның 6-бабының 1-1-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін жəне тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тəртібі туралы ережеде тізбесі белгіленетін құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге жіберу туралы өтінішпен аумақтық нотариаттық палатаға өтініш білдіреді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміттенетін адам нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Көмекші мен тағылымдамадан өтуші нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен оның нотариаттық қызметті алмастыруға тиісті емес және нотариаттық іс жүргізу бойынша көмекші сипатта болуы мүмкін тапсырмаларын орындауға құқылы.
Көмекші мен тағылымдамадан өтушінің нотариус үшін нотариаттық құжаттарға қол қоюға және нотариустың мөрін пайдалануға құқығы жоқ.
6. 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Тағылымдамадан өтушінің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кейіннен лицензия алу үшін нотариаттық әрекеттерді жасау, нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіптік білім мен практикалық дағдыларды алуы тағылымдамадан өту мақсаты болып табылады.
8. Бір нотариустан бір мезгілде екеуден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады.
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Тағылымдамадан өту нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушілер үшін міндетті болып табылады және онда нотариустың кәсіби және әдеп нормаларын зерделеуді, нотариустар үшін немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, тағылымдамадан өтушінің арнайы теориялық білім алуына, нотариаттық әрекеттерді жасау және нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесі қамтылуға тиіс.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететін қорытынды дайындайды, оны он жұмыс күні ішінде нотариаттық палата бекітеді. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын тағылымдамадан өтуші толық меңгермеген жағдайда оған қосымша уақыт беріледі.
Тағылымдамадан өту туралы қорытынды бекітілгеннен кейін ол үш жыл бойы жарамды болып табылады.
11. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын толық меңгеру тағылымдамадан өтудің міндетті талабы болып табылады.
12. Терiс себептермен атқарып жүрген қызметінен босатылғандарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттік нотариустың жұмыс өтілі бар адамдарға қолданылмайды.
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау
1. Тағылымдамадан өткен жəне нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың аумақтық əділет органдарына өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге жəне практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге кешенді компьютерлік тестілеу нысанында аттестаттаудан өтеді.
2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар жəне өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны жəне заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтуден босатылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда үміткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға қайта өтініш берген кезде аттестаттаудан өтуге міндетті.
3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудың негізгі міндеті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету болып табылады.
4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды жəне байқау түрінде аттестаттауды өткізудің тəртібі мен шарттарын уəкілетті орган айқындайды.
5. Егер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмесе, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам өз таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.
7. Аттестаттау қорытындысы бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамды аттестаттау не аттестаттамау туралы уəжді шешім шығарылады.
Аттестаттау не аттестаттамау туралы уəжді шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
8. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау туралы шешім ол шығарылған уақыттан бастап үш жыл ішінде жарамды болады.
9. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар байқау түрінде аттестаттаудан өтуге құқылы.
7-2-бап. 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13.11.98 ж. № 302-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 235-II ҚР Заңымен; 05.05.03 ж. № 408-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі берген лицензия (нотариус лицензиясы) жекеше нотариусқа нотариаттық әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.
2. Нотариус лицензиясы алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
4. Нотариус лицензиясын беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртібі салық заңдарымен белгiленедi.
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтер жариялайды, онда:
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе);
2) лицензия берiлген күн мен оның нөмiрi көрсетiледi.
6. 2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту
1. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негiздерi «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
2. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтiнiш иесiне ол қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде бас тарту себептерi көрсетiле отырып жазбаша түрде дәлелдi шешiм берiледi.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру аумақтық әділет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура органдарының ұсынулары негізінде уəкілетті органның шешімімен жүргізіледі.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Нотариус лицензиясының қолданысы мынадай:
1) - 2-1) 2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) нотариус өзінің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған жағдайда) өзгерткені туралы мәліметтерді аумақтық әділет органына бір ай ішінде хабарламаған;
4) нотариус осы Заңға сәйкес өзіне айқындап берілген қызмет ету аумағын бұзған;
5) нотариус мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келген, нотариаттық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;
6) нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасында көрсетілген мекенжайда нотариустың үй-жайы іс жүзінде болмаған;
7) нотариус осы Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамаған;
2021.15.02. № 5-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) осы Заңның 19 және 46-баптарында көзделген шектеулер сақталмаған;
9) егер нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай өткен соң іс жүзінде нотариаттық қызметке кіріспеген;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) нотариус осы Заңның 18-бабы 13) тармақшасының талаптарын сақтамаған;
2026.08.07. № 343-VIII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11) нотариаттық əрекеттерді жүзеге асыруы кезінде нотариус Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін тəртіптік жауаптылыққа бірнеше (он екі ай ішінде екі жəне одан көп) рет тартылған жағдайларда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Егер бұрын жасалған тəртіптік теріс қылық үшін тəртіптік жаза белгіленген тəртіппен алып тасталған болса, тəртіптік теріс қылық бірнеше рет жасалған деп танылмайды;