2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға жіберу;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) әскери, арнаулы оқу орындарында, оқу орталықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа да білім беру ұйымдарында кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды шарт негізінде жүзеге асыру;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
10) баланста тұрған объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық күтiмдi қамтамасыз ету, бұларды санитарлық-гигиеналық, экологиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру;
10-1) Мемлекеттік күзет қызметінің орналасу орнынан тыс жерде уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын айрықшаланған бөлімшелер құру;
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде сiңiрген еңбегi үшiн азаматтарды ынталандыру, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсыну;
12) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде қызметке тарту;
13) күзет іс-шараларына қатысу үшін қажет болғанда ішкі істер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың күштерi мен құралдарын тарту. Мемлекеттік органдарды күзет іс-шараларына қатысуға тарту тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі.
Күзетiлетiн адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiн ұйымдастырушы әрi үйлестiрушi орган болып табылады.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануы
10-бап. Дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану шарттары мен шегі
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық жағдайда дене күшін, қызметтік жануарларды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға, сондай-ақ арнаулы құралдарды, қаруды алып жүруге, сақтауға және қолдануға құқығы бар.
2. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері және (немесе) әскери қызметшісі арнаулы құралдары немесе қаруы болмаған кезде қолда бар кез келген құралдарды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жарақтандыруда тұрмаған өзге де қару мен техниканы қолдануға құқылы.
3. Терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің терроризмге қарсы операцияға қатысатын қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері террористтерге қатысты дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы ескертпестен және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шектеулерсіз қолдануға құқығы бар.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға байланысты жағдайларда әрекеттер жасауға жарамдылығы тұрғысынан арнаулы даярлықтан өтуге, кезең-кезеңмен тексеруден өтіп тұруға міндетті.
5. Дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолданған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері айналасындағы жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы өкілеттігін асыра пайдаланып қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері және (немесе) әскери қызметшісі, егер қорғау күзетілетін адамдарға, күзетілетін объектілерге немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің және (немесе) әскери қызметшісінің өзіне төнген қатердің сипаты мен қауіптілігіне сәйкес келсе, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануына байланысты келтірген моральдық, материалдық залал және дене зақымы үшін жауап бермейді.
8. Арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, күзет іс-шараларын өткізуге тартылған кезде осындай қызметкерлерге және (немесе) әскери қызметшілерге осы тараудың ережелері қолданылады.
9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өткізетін іс-шараларға тартылған жағдайда олардың дене күшін, қызметтік жануарларды, арнаулы құралдарды, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануы осы Заңға және іс-шара бастамашысының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға алып келген, дене күші, қызметтік жануарлар, арнаулы құралдар, қару, жауынгерлік және өзге де техника қолданылған әрбір жағдай туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабар беріледі.
11-бап. Дене күшін және қызметтік жануарларды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, ар-намысына, қадір-қасиетіне және меншігіне қатер төндіретін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасаған адамдарды ұстау, заңды талаптарға қарсы әрекеттерді еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне жүктелген міндеттердің атқарылуын қамтамасыз етпейтін болса, дене күшін, оның ішінде жауынгерлік күрес тәсілдерін және қызметтік жануарларды қолдануға құқығы бар.
2. Қызметтік жануарлар - күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу, соларды жасаған адамдарды анықтау мақсатында, жауынгерлік кезекшілікті атқару, көлікті және (немесе) көлік құралдарын, жеке тұлғаларды жете тексеру және жергілікті жерді қарап-тексеру кезінде құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, құрсаулау жолымен және өзге де әсер ету үшін, сондай-ақ өзге де қызметтік міндеттерді атқару үшін пайдаланылатын иттер мен жылқылар.
12-бап. Арнаулы құралдарды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілері осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ:
1) құқық бұзушыларды, өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне және (немесе) әскери қызметшілеріне немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен немесе бағынбаған адамдарды ұстау және жеткізу;
2) жүргізушісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің және (немесе) әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін арнаулы құралдарды қолдануға құқығы бар.
2. Күзетілетін адам тұрған жаққа қарай, сондай-ақ жүктілігі білініп тұрған әйелдерге, мүгедектігі айқын көрініп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты, олар күзетілетін адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуыл жасаған, топталып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
13-бап. Қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің және (немесе) әскери қызметшілерінің қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы соңғы шара ретінде мынадай жағдайларда:
1) күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
2) күзетілетін объектілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін көлікке және (немесе) көлік құралдарына жасалған шабуылды тойтару, сол сияқты олар басып алынған жағдайда оларды босату;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне және (немесе) әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзет іс-шараларын өткізу үшін тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
4) жеке тұлғаларды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды, басып алынған күзетілетін объектілер мен арнаулы жүктерді босату;
5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде не тікелей оны жасағаннан кейін қолға түскен, қарулы қарсылық көрсеткен жеке тұлғаларды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы жеке тұлғаны ұстау;
6) қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, уыты күшті химиялық және улы заттектерді өзімен заңсыз алып жүрген жеке тұлғаларды қарусыздандыру;
7) әуе кеңістігін күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта және (немесе) күзетілетін объектілер аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу;
8) егер жүргізушісі күзетілетін адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірсе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің және (немесе) әскери қызметшісінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлік құралын тоқтату;
9) жеке тұлғаларды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жануарлардың шабуылынан қорғау;
10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін қолдануға құқығы бар.
2. Күзетілетін адамдар тұрған жаққа қарай, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге алған, көлікті және (немесе) көлік құралын басып алған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдану басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларда, қаруды, жауынгерлік және өзге де техниканы қолдануға тыйым салынады.
5 тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң кадрлары
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 14-бап өзгерді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің кадрлар құрамы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің штаттық санының лимитін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің санын осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы белгілейді.
ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызметте тұрған адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі кадрларында немесе қолданыстағы резервте тұрады.
Қызметкерлерді қолданыстағы резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртібін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы белгілейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін күзетілетін адамдардың, объектілердің, көліктің және (немесе) көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда олардың келісімімен белгіленген тәртіппен штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшін Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте қалдырыла отырып, іссапарға жіберілуі мүмкін.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдері мен бөлімшелерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері болып табылады.
2. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері:
1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) қызметке «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтің қызметкерлері;
4) әскери қызметшілер қатарынан жасақталады.
Азаматтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақыруды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы белгілеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне қойылатын білім, жұмыс тәжірибесі мен дене дайындығы деңгейі жөніндегі талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi iрiктеп алуға басымдық берiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы бекіткен нормалар бойынша мүліктің заттай және басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыскерлері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жұмыскерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 17-бап өзгерді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде билік өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне оның жеке басы мен өкiлеттiктерін растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетондар берiледi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік әрекеттеріне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің заңды талаптарын жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтік мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерін, әскери қызметшілерін қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндіру немесе күш көрсету, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, мүлкіне қол сұғу, олардың өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруына кедергі жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадір-қасиетіне және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе өкім алған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері, әскери қызметшісі заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің саяси партия мен кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің қызметкерлері, әскери қызметшілері, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес.
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгерді; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік мiндеттерi мен құқықтары
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері:
1) алдарына қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шешуге;
2) кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене күші дайындығының, арнайы және жауынгерлік даярлықтың қажеттi деңгейiн сақтап тұруға мiндеттi.
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде және тәртiппен:
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) күзет іс-шаралары өткізілетін аймақтарда және күзетілетін объектілерде азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
2) құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) қажет болған кезде азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
4) құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда азаматтарды ұстауға, iшкi iстер органдарына, өзге де құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметтік үй-жайларына әкелуге;
5) ұйымдарға, ал шұғыл жағдайларда азаматтарға да тиесілі байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
6) қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе оларды жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау және ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдем қажет адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiне тиесілі көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
7) егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге нақты қатер төндiруі мүмкін болса, күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезiнде, сондай-ақ осындай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілгендерді қудалау кезінде азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнен басқа) аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
8) 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.10.06. № 301-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көліктің және (немесе) көлік құралдарының және жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды жерлердiң жекелеген учаскелері мен объектiлерге жiбермеуге, олардың жерлердiң нақты учаскелерінде немесе объектiлерде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн міндеттеуге құқығы бар.