Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ
кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29
тамыздағы № 311 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 27.11.97 ж. № 405; 25.12.99 ж.
№ 444; 06.08.01 ж. № 299; 01.09.03 ж. № 320 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.07.04 ж. № 197 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік-құқықтың базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртібі туралы" ереже бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Банктік қадағалау департаменті (Н.К.Абдулина):
а) заң департаментімен бірлесе отырып (А.К.Өртембаев) "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртібі туралы" ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін:
б) осы Қаулыны және жоғарыда көрсетілген ережені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (Алматы аумактық бас) басқармаларына (филиалдарына) және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Г. Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы |
|
| О. Жандосов |
Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29
тамыздағы № 311 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Екінші деңгейдегІ банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі
есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы ереже
ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. № 444 қаулысымен атауы және кіріспе өзгертілді
ҚР ҰБ Басқармасының 06.08.01 ж. № 299 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)