Қазақстан Республикасының мемлекеттік нотариустарын аттестациядан өткізу туралы ЕРЕЖЕ Қазақстан Республикасының Әділет министрі 1997 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрық (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нотариустарын аттестациядан
өткізу туралы ЕРЕЖЕ Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi
1997 жылғы 24 қарашадағы № 109 БҰЙРЫҚ

ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 148 бұйрығымен күші жойылды

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 105-бабын басшылыққа ала отырып,

Бұйырамын:

мемлекеттік нотариустарды аттестациялау туралы ұсынылған Ереже бекітілсiн.

Мемлекеттік нотариустарды аттестациялау туралы 30.07.97ж. Ереженiң күшi жойылды деп танылсын.

                              ЕРЕЖЕ
                         I. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 105-бабына сәйкес мемлекеттік нотариустар аттестациядан өтуге тиiс.

Мемлекеттік нотариустарды аттестациядан өткізу олардың біліктiлiк деңгейiн бағалау және осының негiзiнде олардың лауазымына сәйкестiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.

2. Мемлекеттік нотариустарды аттестациядан өткізу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен Орталық аттестациядан өткізу комиссиясы және аймақтық аттестациядан өткізу комиссиялары құрылады.

3. Орталық аттестациядан өткізу комиссиясы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiткен Ереже негiзiнде қызмет етедi, орталық аттестациядан өткізу комиссиясы аймақтық аттестациядан өткізу комиссияларының шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарайды, аттестациядан өткізу басталған күннен бастап, бiр жыл iшiнде дәлелдi себептер бойынша аймақтық аттестациядан өткізу комиссиясына аттестациядан өтеуге екiншi рет келмеген нотариустарды аттестациядан өткiзедi, сондай-ақ нотариустарды аттестациядан өткізуге арналған сұрақтар тiзiмiн бекiтедi.

Аймақтық аттестациядан өткізу комиссияларының мүшелерi болып табылатын мемлекеттік нотариустарды (Нотариустар кеңестерiнiң төрағалары) аттестациядан өткізу басталғанға дейiн аймақ аттестациядан өткізу комиссиялары төрағаларынан тұратын комиссия осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде аттестациядан өткізуге тиiс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.