"Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп
айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ережеге өзгерістер енгізу жөнiнде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 27
қарашадағы № 405 қаулысы
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.07.04 ж. № 197 қаулысымен күші жойылды
Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы № 311 қаулысымен бекітілген "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ережеге өзгерістер бекітілсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.