Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметін ұйымдастырудың тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 22 сәуірдегі № 430 қаулысы (ҚР Үкіметінің 01.11.96 ж. № 1345; 08.04.97 ж. № 505; 22.07.97 ж. № 1143; 18.12.97 ж. № 1788; 14.01.98 ж. № 10; 27.04.99 ж. № 481; 22.05.99 ж. № 616; 27.02.04 ж. № 239 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Предыдущая страница
 
 
  

     Қазақстан Республикасы

     Министрлер Кабинетінің

     1994 жылғы 22 сәуірдегі

     № 430 қаулысына

     № 3 қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшiн жойған кейбір шешiмдерiнiң

Тiзбесi

 

1. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1953 жылғы 26 қыркүйектегi "Архив сақтау орындарындағы өрт қауiпсiздiгiнiң уақытша ережелерiн бекіту туралы" № 728 қаулысы.

2. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 5 қыркүйектегi "СССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 15 шiлдедегi "Елдi мекендер мен халық шаруашылығы объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" № 654 қаулысын жүзеге асыру туралы" № 429 қаулысы.

3. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1981 жылғы 8 шiлдедегi "Республика халық шаруашылығы объектiлерi мен елдi мекендерiн өрттен қорғауды күшейту туралы" № 310 қаулысы.

4. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1983 жылғы 7 шiлдедегi "Республика Үкіметінiң Қазақ ССР-i қалаларының, басқа елдi мекендерi мен халық шаруашылығы объектiлерiнiң өрт хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі шешiмдерiн бiрiктiру туралы" № 283 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1983 ж., № 15, 55-бап).

5. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 29 мамырдағы "Республика халық шаруашылығы объектiлерi мен елдi мекендерiн өрттен қорғауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы" № 264 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., № 17, 65-бап).

6. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1988 жылғы 26 қазандағы "СССР Министрлер Советiнiң 1988 жылғы 29 тамыздағы "Елiмiзде өрт қауiпсiздiгiн одан өрт нығайту жөніндегі шаралар туралы" № 1058 қаулысын жүзеге асыру туралы" № 489 қаулысы.

7. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 2 ақпандағы "Қазақ ССР Iшкi iстер министрлігі жанындағы өрт қауiпсiздiгi жөніндегі ведомствоаралық Совет туралы" № 41 қаулысы.

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1994 жылғы 22 сәуірдегі

№ 430 қаулысына

4-қосымша

ҚР Үкіметінің 22.05.99 ж. № 616 қаулысымен жаңа 4-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 27.02.04 ж. № 239 қаулысымен 4-қосымша күшін жойды (бұр. ред. қара)