Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 616 қаулысы (ҚР Үкіметінің 27.01.04 ж. қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22
мамырдағы № 616 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 27.01.04 ж. қаулысымен енгізілген

өзгерістерімен)

 

 ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 662 қаулысымен  күші жойылды

 

"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 239 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің өртке қарсы қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 20, 192-құжат):

"Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдардың тізбесі" қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;

2) "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1143 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 33, 305-құжат):

3-тармақта:

екінші абзац алынып тасталсын;

үшінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің төрағасы" деген сөздер "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің бастықтары" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 22 мамырдағы № 616

қаулысына қосымша

"Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430

қаулысына 4- қосымша

Міндетті түрде өртке қарсы қызмет

құрылатын ұйымдардың

Тізбесі