Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беру, оларды қайта ресiмдеу
және лицензияларға өзгерістер енгізу, жер қойнауын пайдалану құқығына
арналған лицензияларды қайтып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 3 қыркүйектегi № 833 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.07.99 ж. № 944; 22.08.03 ж. № 844
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығының 14 және 23-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған тiзбеге (1-қосымша) сәйкес ұйымдарға жерасты суларын барлауға және/немесе өндiруге лицензиялар берiлсiн.
2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге (2-қосымша) сәйкес ұйымдарға көмiрсутегi шикiзаты мен қатты пайдалы қазбаларды барлауға және/немесе өндiруге лицензиялар берiлсiн.
3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге (3-қосымша) сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияларға өзгерістер енгiзiлсiн.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар, қоса берiлiп отырған тiзбеге (4-қосымша) сәйкес, жаңа жер қойнауын пайдаланушыларға қайта ресiмделсiн.
5. Қоса берiлiп отырған тiзбеге (5-қосымша) сәйкес лицензиялық - келісім-шарттық талаптардың бұзылуына және жер қойнауын пайдаланушылардың лицензияларды қайтаруына байланысты бұрын берiлген жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензиялар қайтып алынсын.
6. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 3 қыркүйектегi № 833 қаулысына
1-қосымша
Жерасты суларын барлау және/немесе өндiру құқығына
лицензиялар берiлетiн ұйымдардың тiзбесi
ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. № 844 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді
Жерасты суларын барлау және/немесе өндiру құқығына
лицензиялар берiлетiн ұйымдардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 3 қыркүйектегi № 833 қаулысына
2-қосымша
Көмiрсутегi шикiзаты мен қатты пайдалы қазбаларды барлау
және/немесе өндiру құқығына лицензиялар берiлетiн ұйымдардың
тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 3 қыркүйектегi № 833 қаулысына 3-қосымшаЕнгiзiлетiн өзгерістермен бiрге жер қойнауын пайдалану
құқығына лицензиялардың
Тiзбесi