Еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу мен
бекіту тәртібі туралы Ереженi және еңбектi қорғау жөніндегі
қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу жөніндегі әдiстемелiк сiлтемелердi
бекіту туралы Қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек
Министрлігінiң 28 маусым 1994 ж. № 60
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004.02.12. № 278-ө бұйрығымен күші жойылды; ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды
Еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу кезiнде бiрыңғай дәйектер мен талаптарды қамтамасыз ету және нормативтiк база жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі қаулы етедi:
1. Еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу мен бекіту тәртібі туралы Ереже және еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу жөніндегі әдiстемелiк сiлтемелер 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінiң Еңбек қорғау жөніндегі департаментi Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен, ведомстволарымен және басқа да атқару билiгiнiң органдарымен, бiрлесiп, бұрынғы КСРО-ның министрлiктерi мен ведомстволары бекiткен еңбектi қорғау жөніндегі қолданылып жүрген ережелердi қайта қарап, жаңасын жасауды ұйымдастырсын.
3. КСРО Мемеңбеккомы мен ВЦСПС Секретариатының 5.12.1985 жылы бекiткен "Еңбектi қорғау жөніндегі нұсқаулар әзiрлеу туралы Ереженiң" күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Еңбек министрi
Қазақстан Республикасы
Еңбек министрлігінiң
1994 жылғы 28 маусымдағы
№ 60 қаулысына
1 қосымша
Еңбектi қорғау жөніндегі қағидалар мен
нұсқауларды әзiрлеу мен бекітудiң тәртібі
ЕРЕЖЕ
Бұл Ереже еңбектi қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларды әзiрлеу, келiсу, бекіту, есебiн алу, басып шығару, тарату, күшiн жою тәртібін сол сияқты олардың сақталуына қадағалау мен бақылау жасау тәртібін белгiлейдi.