"Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы № 278-ө бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 157-ө Бұйрығымен күші жойылды
"Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі бекітілсін.
2. "Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту тәртібі туралы ереже және Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 1994 жылғы 28 маусымдағы № 60 қаулысының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Г.Д. Қарағұсова |
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің
2004 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 278-ө бұйрығымен
бекітілген
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі