«Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенінің 1999-2003 жылдары тұрақты қызметі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 8 қаңтардағы № 15 қаулысы (2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

"Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенінің 1999-2003 жылдары
тұрақты қызметі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық
қамтамасыз ету" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының
негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 8 қаңтардағы № 15 қаулысы

(2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенінің 1999-2003 жылдары тұрақты жұмыс істеуі мен стратегиялық басымдықтарын дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" қоса беріліп отырған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштері бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп белгіленген тәртіппен негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштеріне сай бағдарламаның кеңейтілген нұсқасын әзірлеп, бекітсін, бағдарламаны ғылымды қаржыландыруға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мақсатты түрде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

8 қаңтардағы

№ 15 қаулысымен

бекітілген

ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 462 қаулысымен негізгі тапсырмалары мен көрсеткiштерi толықтырылды (бұрынғы ред. қара)

"Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенінің 1999-2003

жылдары тұрақты жұмыс істеуі мен стратегиялық басымдықтарының дамуын

ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" республикалық нысаналы

ғылыми-техникалық бағдарламасының негізгі тапсырмалары

мен көрсеткіштері

1-кіші бағдарлама. Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия

кешенінің жер қойнауын пайдалану процестерін стратегиялық басқаруды

ұйымдастыруды ғылыми-әдістемелік және нормативтік қамтамасыз ету

 
 
 

      2-кіші бағдарлама. Түсті және қара металлургияның бәсеке қабілеті

      бар өнім шығаруды қамтамсыз ететін руда және техногендік шикізатты

      кешенді пайдалану үшін ресурс және энергия үнемдейтін, экологиялық

      жағынан таза технологиялар мен жабдықтар жасау және оларды іске асыру