Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж.
5 наурыздағы № 206 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 03.09.99 ж. № 1301;
08.09.99 ж. № 1342 ; 16.11.99 ж. № 1731; 08.02.02 № 187;
08.06.02 ж. № 616 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. ҚР Үкіметінің 16.12.99 ж. № 1731 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 02.08.02 ж. № 187; 08.06.02 ж. № 616 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министр ұстауға рұқсат етілсін.
3. ҚР Үкіметінің 03.09.99 ж. № 1301 қаулысымен күші жойылды
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде Үкіметтің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныс енгізсін.
5. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының