«Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерді» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1998 ж. 12 қазандағы № 343 бұйрығы (2008.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

«Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау,
азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртібі туралы ережесін» бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1998 ж. 12 қазандағы № 343 бұйрығы

(2008.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2008.13.11 № 424 Бұйрығымен тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «тәртібі туралы» деген сөздер алынып тасталды; мемлекеттік тілдегі мәтінінде «ережелерді» деген сөз «ережесін» деген сөзбен ауыстырылды (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы желтоқсанның 21-iндегi № 2707 «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы шiлденiң 15-iндегi № 29 «Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы» Заңына сәйкес бұйырамын:

1. Қосылып берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік тiркеуден өткізу Ережелерi /қосымшаларымен бiрге/;

2) Көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама-есепшоттың бланкiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртібі туралы Ережелер /қосымшаларымен бipгe/;

3) Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртібі туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/;

4) Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiнiң бланкiлерi, көлiк құралдарының номерлiк белгiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау және ҚP IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерiнде тексерiс өткізу тәртібі туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/ бекітілсiн.

2. Аталмыш Ережелер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.