Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1271 қаулысы (ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 803; 26.08.00 ж. № 1309; 29.09.00 ж.
№ 1470; 26.10.00 ж. № 1598; 20.01.01 ж. № 88; 27.02.01 ж. № 285; 25.07.01 ж.
№ 1002 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы № 575 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында мемлекет активтерін тиімді басқару мен оларға билік жасауды қамтамасыз ету жөніндегі 1998-1999 жылдарға арналған шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Кәсіпорын қосымшаға сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға жатқызылсын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне кіргізілсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) 1998-1999 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың;
2) 1998-1999 жылдары жекешелендіруге жататын мекемелердің тізбелері бекітілсін.
3. Тізбелерде көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді жекешелендіру мүлік кешендерін не оларды акционерлік қоғам етіп қайта құрғаннан кейін - акцияларының мемлекеттік пакеттерін аукциондар арқылы сату жолымен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті:
1) мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдерінің қатысуымен акционерлендіруге жататын объектілерге қатысты сатуға қойылатын акциялар пакеттерінің шекті мөлшерлерін белгілеу үшін комиссия құрсын;
2) заңдарда белгіленген тәртіппен тізбелерге сәйкес объектілерді жекешелендіруді жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Әділет министрлігі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдарымен бірлесіп екі айлық мерзім ішінде республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың нақтыланған тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бұрын қабылданған Үкімет шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
8. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 803; 29.09.00 ж. № 1470; 26.10.00 ж. № 1598; 20.01.01 ж. № 88 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға жатқызылған
кәсіпорындардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 803; 26.08.00 ж. № 1309; 20.01.01 ж. № 88; 25.07.01 ж. № 1002 қаулыларымен тізбе өзгертілді
1998-1999 жылдары жекешелендіруге жататын
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 27.02.01 ж. № 285 қаулысымен тізбе өзгертілді
1998-1999 жылдары жекешелендіруге жататын
мекемелердің тізбесі