Шетелдік кредиторлардың алдындағы берешектердiң проблемасын шешу
жөнiндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 1 шілдедегі № 913 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548; 28.12.99 ж. № 2005
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шаруашылық жүргізушi субъектiлерiнiң шетелдiк кредиторлардың алдындағы берешектерi проблемасын шешу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді.
ҚР Үкіметінің 28.12.99 ж. № 2005 қаулысымен 1,2,3,4-тармақтардың күші жойылды
5. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың штат санының лимитiн қысқартудың есебiнен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі штат санының лимитi 10 адамға көбейтiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі:
бiр апта мерзiмде Министрлiктiң құрылымында штат саны 10 адам қазақстандық кәсiпорындардың (ұйымдардың) шетелдiк кредиторлардың алдындағы берешектерi проблемаларын қарау жөнiнде бөлiмше құрсын;
бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінің
1999 жылғы 1 шілдедегі
№ 913 қаулысына қосымша
Штат санының лимиті қысқаратын және
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне
берілетін мемлекеттік органдардың
Тізбесі