Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережесін бекіту
туралы. Негізгі талаптар. ҚР ӨҚЕ 08-97 Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі 1999 жылғы
9 шілдедегі № 19 Қаулы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 Бұйрығымен күші жойылды
Шаруашылық кешендеріндегі және жергілікті қордағы материалдық шығынды төмендету, өрттің шығуын болдырмау шараларын қолға алу мақсатында жаңа шаруашылық нысандарындағы шығуына байланысты және Қазақстан Республикасы "Өрт қауіпсіздігі туралы", "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңдарының орындалуын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігінің ережесі бекітілсін. Негізгі талаптар. ҚР ӨҚЕ 08-97.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің 1998 жылғы 20 қазандағы № 16 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Төраға
Қазақстан Республикасындағы
өрт қауіпсіздігінің
ережелері
Негізгі талаптар
ҚР ӨҚЕ 08-97
1. Жалпы талаптар
1. Жалпы ережелер
1) Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағындағы өрт қауіпсіздігінің жалпы талабын белгілейді және барлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі атқарушы органдардың, кәсіпорындардың*, мекемелердің және ұйымдардың, басқа да заңды тұлғалардың (меншік түріне қарамай), олардың лауазымды қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқтардың міндетті түрде орындауын талап етеді.
___________________
Ескерту: *Бұдан әрі "кәсіпорын" және "ұйымдар" сөзі бірғана "кәсіпорын" сөзімен белгіленеді.