Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 Бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 22 Бұйрығымен күші жойылды
Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын-алу, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың мүлкін қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 19 «Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар. 08-97 КР ӨҚЕ» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 866 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 1999 жылғы 11-12 нөмірлерінде жарияланды) қаулысының;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 19 қарашадағы № 214 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің 1999 жылғы 9 шілдедегі № 19 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1273 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы 5 нөмірінің 319 бетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Н.Қ.Бижановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялануынан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.