«1999 жылғы 8 шілдедегі № 19 Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агентігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 19 қыркүйектегі № 214 бұйрығы (күші жойылды)

«1999 жылғы 8 шiлдедегi № 19 Қазақстан Республикасының төтенше
жағдайлар жөніндегі Агентiгiнiң қаулысына толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 19 қыркүйектегі № 214 бұйрығы

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 Бұйрығымен күші жойылды

 

1999 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ басқа да республиканың елдi мекендеріндегі, қалаларындағы, поселкелеріндегі автокөлiктерге жанар май құю стансаларында өрттердiң шығуын ескерту мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. 1999 жылғы 8 шiлдедегi № 19 Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттiгiнiң Қаулысымен "Қазақстан Республикасының өртке қарсы Ережесi. Негiзгi талаптар. (ӨҚЕ 08-97)" бекітілiп, 1999 жылғы 10 тамызында № 866 Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлігінде тiркелiнген, осыған № 17 "Автокөлiктерге жанар май құю стансалары" тарауы толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлігінде осы толықтырулар тiркелiнген күнiнен бастап күшiне енедi.

Төраға

Қазақстан Республикасының

төтенше жағдайлар жөніндегі

Агенттiгi төрағасының

2000 жылғы 19 қыркүйегіндегі

214 бұйрығына қосымша

17. Автокөлiктерге жанар май құю стансалары

1. Жалпы ережелер

1) Осы тарауда жер үстіндегі көлiк құралдарына жанар май құю, сондай-ақ жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн арналған автокөлiктерге жанар май құю стансаларын (бұдан әрi - АЖС) пайдалану кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң талабы белгiленген.

2) АЖС пайдалануға беруде штаттағы қызметкерлер саны тәртiп бойынша екi адамнан кем болмауы керек.

3) Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес АЖС өртке қарсы жағдайына оның иелерi жауап бередi.

4) Осы тараудың негiзiнде әрбiр АЖС қожалары үшiн өрт қауiпсiздiгiнiң шаралары туралы нұсқаулықтарды жасауы тиiс.

Нұсқаулықта:

мұнай өнiмдерiн қабылдау, оны сақтау және тұтынушыларға сату тәртібі;

аумақты ұстау тәртібі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.