Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысы (ҚР Үкіметінің 04.12.99 ж. № 1855; 10.12.99 ж. № 1900; 30.12.99 ж. № 2025; 29.03.00 ж. № 457; 04.05.00 ж. № 662; 19.05.00 ж. № 747; 28.06.00 ж. № 967; 14.07.00 ж. № 1071; 21.11.00 ж. № 1744; 31.01.01 ж. № 166; 04.04.01 ж. № 442; 06.04.01 ж. № 455; 26.04.01 ж. № 564; 17.08.01 ж. № 1078; 10.10.02 ж. № 1105; 31.10.02 ж. № 1157 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын
ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.12.99 ж. № 1855; 10.12.99 ж. № 1900; 30.12.99 ж. N
2025; 29.03.00 ж. № 457; 04.05.00 ж. № 662; 19.05.00 ж. № 747; 28.06.00
ж. № 967; 14.07.00 ж. № 1071; 21.11.00 ж. № 1744; 31.01.01 ж. № 166;
04.04.01 ж. № 442; 06.04.01 ж. № 455; 26.04.01 ж. № 564; 17.08.01 ж. N
1078; 10.10.02 ж. № 1105; 31.10.02 ж. № 1157
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Мемлекеттік органдар мен мекемелерді орналастыру үшін Ақмола облысы орталығының Көкшетау қаласына қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының қосымшаға сәйкес босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу жөніндегі ұсынысына келісім берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен бірлесіп заңдарда белгіленген тәртіппен қосымшада көрсетілген ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды қабылдап алуды-беруді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды пайдалану жөніндегі бұрын қабылданған қаулыларын осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

17 маусымдағы

№ 796 қаулысына

қосымша

Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын

ғимараттар мен қызметтік үй-жайлардың және оларға орналастырылатын

мемлекеттік органдардың

Тізбесі

ҚР Үкіметінің 04.12.99 ж. № 1855; 10.12.99 ж. № 1900; 30.12.99 ж. № 2025; 29.03.00 ж. № 457; 04.05.00 ж. № 662; 19.05.00 ж. № 747; 28.06.00 ж. № 967; 14.07.00 ж. № 1071; 21.11.00 ж. № 1744; 31.01.01 ж. № 166; 04.04.01 ж. № 442; 06.04.01 ж. № 455; 26.04.01 ж. № 564; 17.08.01 ж. № 1078; 10.10.02 ж. № 1105; 31.10.02 ж. № 1157 қаулыларымен қосымша өзгертілді