Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тiркемелердi
мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
1999 ж. 22 қарашадағы № 587 бұйрығы
(2006.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2006.08.06. № 263 Бұйрығымен күші жойылды
"Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 29 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 тамыздағы № 1206 қаулысын орындау үшiн Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң тәртібі бекітілсiн (1-қосымша).
ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. № 775; 13.12.03 ж. № 722 (бұр. ред. қара); 2006.16.02. № 78 (бұр.ред.қара) бұйрықтарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) Жол полициясының бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Тәртiптi оқуын қамтамасыз етсiн және оны орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
2) автокөлiк құралдарының иелерiн (заңды және жеке тұлғаларды) осы Тәртiптiң талаптары туралы ақпараттандыру жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн;
3) осы Тәртiпте көзделген қызметтiк құжаттамалардың бланкілерiн дайындасын және Жол полициясының бөлiмшелерiн олармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн;
4) мемлекеттік техникалық байқау жүргiзу кезiнде ұрланған және алып кетiлген көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн анықтау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;
5) Жол полициясының бөлiмшелерiне көлiк құралдарының саны мен олардың мемлекеттік техникалық байқаудан өткендiгi туралы мәлiметтердiң компьютерлiк есебi мен талдауын енгiзудi қамтамасыз етсiн.
6) ҚР Ішкі істер министрлігінің 14.09.04 ж. № 528 бұйрығымен 6) тармақша алынып тасталды (бұр. ред. қара)