(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 22.11.99 Ж. № 587 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тiркемелердi

мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

1999 ж. 22 қарашадағы N 587 бұйрығы

(ҚР Ішкі істер министрлігінің 30.10.00 ж. N 571; 12.11.01 ж. N 787;

10.12.02 ж. N 775; 13.12.03 ж. N 722 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бұрынғы редакцияларды қара

"Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 29 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 тамыздағы N 1206 қаулысын орындау үшiн Бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi бекiтiлсiн (1-қосымша).

ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775; 13.12.03 ж. N 722 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қалалық iшкi iстер басқармаларының, облыстардың Астана және Алматы қалаларының iшкi iстер басқармаларының бастықтары:

1) Жол полициясының бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Тәртiптi оқуын қамтамасыз етсiн және оны орындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын;

2) автокөлiк құралдарының иелерiн (заңды және жеке тұлғаларды) осы Тәртiптiң талаптары туралы ақпараттандыру жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн;

3) осы Тәртiпте көзделген қызметтiк құжаттамалардың бланкілерiн дайындасын және Жол полициясының бөлiмшелерiн олармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн;

4) мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзу кезiнде ұрланған және алып кетiлген көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн анықтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.