«Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қарашадағы № 787 бұйрығы (күші жойылды)

"Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттік
техникалық байқауды жүргiзудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы
№ 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2001 жылғы
12 қарашадағы № 787 бұйрығы

ҚР Ішкі істер министрінің 2006.08.06. № 263 Бұйрығымен күші жойылды

 

Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң ұйымдастырылуын жетiлдiру мақсатында бұйырамын:

1. "Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 4-тармақтағы "департаментiнiң бастығына" деген сөздер "комитетiне" деген сөзбен ауыстырылсын;

2) көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң тәртібіне (бұдан әрi - Тәртiп):

6-тармақта:

3-тармақшадағы "1 қаңтардан 31 маусымға дейiн" деген сөздер "1 сәуiрден 30 қыркүйекке дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағандағы жеке адамдардың көлiк құралдары жылына бiр рет 1 сәуiрден 30 қыркүйекке дейiнгi кезеңде техникалық байқауға жатады.";

мынадай мазмұндағы 5-тармақшамен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген көлiк құралдары республика аумағында алғаш рет тiркеумен байланысты тiркеу iс-қимылдарын жасау кезiнде жол полициясының тiркеу-емтихан алу бөлiмшелерiнде техникалық байқауға жатады.";

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"10. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Жол полициясы комитетi (бұдан әрi мәтiн бойынша - ЖП Комитетi) конкурстың ұйымдастырушысы болады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.