Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1999 ж. 22 қарашадағы № 587 бұйрығы (2006.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тiркемелердi
мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
1999 ж. 22 қарашадағы № 587 бұйрығы

(2006.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2006.08.06. № 263 Бұйрығымен күші жойылды

 

"Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 29 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 тамыздағы № 1206 қаулысын орындау үшiн Бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң тәртібі бекітілсiн (1-қосымша).

ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. № 775; 13.12.03 ж. № 722 (бұр. ред. қара); 2006.16.02. № 78 (бұр.ред.қара) бұйрықтарымен 2-тармақ өзгертілді

2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:

1) Жол полициясының бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Тәртiптi оқуын қамтамасыз етсiн және оны орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;

2) автокөлiк құралдарының иелерiн (заңды және жеке тұлғаларды) осы Тәртiптiң талаптары туралы ақпараттандыру жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн;

3) осы Тәртiпте көзделген қызметтiк құжаттамалардың бланкілерiн дайындасын және Жол полициясының бөлiмшелерiн олармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн;

4) мемлекеттік техникалық байқау жүргiзу кезiнде ұрланған және алып кетiлген көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн анықтау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;

5) Жол полициясының бөлiмшелерiне көлiк құралдарының саны мен олардың мемлекеттік техникалық байқаудан өткендiгi туралы мәлiметтердiң компьютерлiк есебi мен талдауын енгiзудi қамтамасыз етсiн.

6) ҚР Ішкі істер министрлігінің 14.09.04 ж. № 528 бұйрығымен 6) тармақша алынып тасталды (бұр. ред. қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.