Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қаңтардағы № 77 қаулысы (ҚР Үкіметінің 25.07.00 ж. № 1103 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің 2002 жылдың 31
желтоқсанына дейінгі кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы
меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қаңтардағы № 77
қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.07.00 ж. № 1103 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж. № 1269 қаулысымен күші жойылды

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге арналған экономикалық саясаты жөніндегі меморандум туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 1757 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің 2002 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге арналған экономикалық саясаты туралы меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары Жоспармен белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-інен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне олардың орындалуы жөнінде ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар тапсырмаларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы

14 қаңтардағы № 77

қаулысымен бекітілген

Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің

2002 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге арналған

экономикалық саясаты туралы меморандумды іске асыру

жөніндегі іс-шаралардың жоспары

ҚР Үкіметінің 25.07.00 ж. № 1103 қаулысымен жоспарға өзгерістер енгізілді

1. Орта мерзімді макроэкономикалық параметрлер