Екінші деңгейдегі банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 444 қаулысы (күші жойылды)

Екiншi деңгейдегi банктердің банктің тұрған жерiнен тыс жерлердегi
есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерістер мен
толықтыруларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 444 қаулысы

ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.07.04 ж. № 197 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктің тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ереже жөнiнде" 1997 жылғы 29 тамыздағы № 311 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.К.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы № 311 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы № 311 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктердің банктің тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.