Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында Үкіметтің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 ақпандағы № 303 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында
Үкіметтің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде
сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі
іс-шаралардың жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 26 ақпандағы № 303 қаулысы

ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж. № 1269 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында ел Үкіметінің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары Жоспарда белгіленген іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне:

ай сайын, есептіден кейінгі айдың 3-інен кешіктірмей, Жоспардағы іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат;

тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей, Жоспардың іске асырылу барысы туралы талдамалы анықтама ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

ай сайын, есептіден кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей, Жоспардағы іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат;

тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық талдамалы баяндама ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ө.Өтембаевқа жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы

26 ақпандағы

№ 303 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 10 қарашасында

Үкіметтің жаңадан тағайындалған мүшелерінің ант беру рәсімінде

сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар

Жоспары

ҚР Үкіметінің 26.06.00 ж. № 944; 25.07.00 ж. № 1103 қаулыларымен жоспар өзгерді