Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының
құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау істері жөніндегі агенттігінің Төрайымының 2000 жылғы
18 сәуірдегі № 225 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 ж. 20 желтоқсандағы № 876 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының жол қозғалысы Ережелерін бекіту туралы" № 1650 қаулысын жүзеге асыру, жол-көлік оқиғаларында опат болғандар санын азайту, жол-көлік оқиғаларына қатысушылардың өзіне және өзара көмекті дер кезінде көрсете алуы мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берілген:
1) Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамы;
2) Жол-көлік оқиғаларына қатысушылар алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығындағы дәрілік заттарды қолдануы, өзіне - және өзара көмек көрсетуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі "Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы" № 172 бұйрығы өз күшін жойды деп есептелсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Төрайымның Бірінші орынбасары С.Е. Ыбыраевқа жүктелсін.
Төрайым
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері
жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі
№ 225 бұйрығымен бекітілген
Алғашқы көмек көрсетуге арналған
(автокөліктік) дәрі жиынтығының
құрамы
____________________________________________________________________
р/н Аталымы Саны
____________________________________________________________________
1 2 3
____________________________________________________________________
Мертіккенде (соғылғанда, сынықта, буын тайғанда,
күйгенде), жарақаттарда, естен тану кезінде
қолданылатын ауруды басатын, қабынуға және естен
тануға қарсы дәрілік заттар