Жоғары кәсіби білім беретін білім ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 350 бұйрығы (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 11.12.00 ж. № 1152; 13.02.03 ж. № 82 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Жоғары кәсiби білім беретiн білім ұйымдарында оқуға қайта алу және
ауыстыру тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 350 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрлігінің 11.12.00 ж. № 1152;
13.02.03 ж. № 82 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.13.01. № 13 бұйрығымен күші жойылды

Жоғары кәсiби білім беретiн білім ұйымдарында оқитындарды оқуға қайта алу және ауыстыру процестерiн реттеу және бақылау мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлген жоғары кәсiби білім беретiн білім ұйымдарында оқуға қайта алу және ауыстыру ретi туралы Ереже бекітілсiн.

2. Жоғары білім департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты, белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсiн.


Министр

Қазақстан Республикасы

Бiлiм және ғылым министрлігінiң

2000 жылғы 18 сәуiр № 350

бұйрығымен бекітілген


Жоғары кәсiби білім беретiн білім беру

орындарында білім алушыларды қайта қабылдауды

және ауыстырудың тәртібі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларды қайта қабылдаудың және ауыстырудың тәртібі туралы ереже (одан әрi - Ереже) 1999 жылдың 7 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес жасалған.

2. Ереже меншiк түрiне және ұйымдық бағыныштылығына қарамастан жоғары кәсiби білім беретiн білім беру ұйымдарында білім алушыларды оқуға қайта қабылдау тәртібін анықтайды.

3. Жоғары кәсiптiк білім беру ұйымдарында білім алушыларға мыналар жатады:

1) жоғары базалық кәсiби білім беретiн білім беру ұйымдарында білім алушылар - студенттер;

2) жоғары ғылыми-педагогикалық кәсiби білім беретiн білім беру ұйымдарында білім алушылар - магистранттар;

3) жоғары кәсiби білім беретiн білім беру ұйымдарының дайындық бөлiмшелерiнде білім алатындар - тыңдаушылар;

4) жоғары кәсiби білім беретiн әскери оқу орындарында білім алушылар - курсанттар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.