Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 31 шілдедегі № 1164 қаулысы (ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 563 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002
жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралардың жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 31 шілдедегі № 1164 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 563 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

"Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралардың жоспары) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары Іс-шаралардың жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, оның орындалу барысы туралы ақпарат және Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны іске асырудың барысы туралы талдамалық анықтама ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат және Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтықты талдау баяндама ұсынсын.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі аймақтық бағдарламалардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.

6. "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 сәуірдегі № 635 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 31 шілдедегі

№ 1164 қаулысымен бекітілген

Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002

жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың

Жоспары

ҚР Үкіметінің 23.05.02 ж. № 563 қаулысымен жоспар өзгертілді

 
 
 
 
 
 
 

     * Орындалды

     **   Қазақстан   Республикасы   Үкіметінің   қаулысымен    Қазақстан
Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді