«Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 448 Жарлығы (күші жойылды)

«Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 448 Жарлығы

 

ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды

 

Білім саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды жақсарту және азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған "Білім" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Yкіметі, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi Мемлекеттік бағдарламаның iске асырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің

2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 448

Жарлығымен Бекітілген

 

«Білім» мемлекеттік бағдарламасы

1. ПАСПОРТ

 

"Білім" мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегі Іс-шаралар жоспарының 4.3.1.9-тармағына сәйкес әзiрлендi және білім беру жүйесiн дамытудың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған негiзгi бағыттарын айқындайды.

Бағдарлама мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, жалпы орта білімнiң, бастауыш және орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімнiң басты аспектiлерiн қамтиды, елдегi білім беру саласының нақты жай-күйiн бағамдайды, перспективаларын белгiлейдi, білім беру жүйесiн одан әрi дамытудың басымдықтарын айқындайды және білім берудің әрбір деңгейi үшiн қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жөніндегі нақты iс-шаралардан тұрады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.