Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 491 Жарлығы
ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды
Тиiмдi ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру және оның басым бағыттарын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және оны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспары бекітілсiн (қоса берiледi).
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган болып саналатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, осы Жарлықтың 1-тармағында бекітілген құжаттарға сәйкес iс-шараларды орындау жөнiнде шаралар қолдансын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Президентінің
2000 жылғы 27 қарашадағы
№ 491 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың
2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Паспорт
Атауы Қазақстан Республикасында сақтандыруды
дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы
туралы шешім қарашада Қазақстан қаржыгерлерiнiң 2-конгресiнде