Сақтандыру қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы
(2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі);
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі);
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 мамырдан, 2026 ж. 1 шілдеден, 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы
1-1-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары
2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi
5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру
2-тарау. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi
7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны
8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру
9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
10-бап. Сақтандыру нарығының қатысушылары
10-3-бап. Актуарийлер бірлестігі
11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi
11-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары
11-2-бап. Өтініш берушілердің жолданымдарын қарау
12-бап. Өмірді сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi
13-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу
15-бап. Трансшекаралық сақтандыру және қайта сақтандыру
4-тарау. Сақтандыру делдалдығы
16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру
16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) қойылатын талаптар
16-3-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталын қалыптастыру
16-4-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашу
17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын талаптар
18-бап. Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған қойылатын талаптар
18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері
5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит
6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi
23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы
24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру
28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi
30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік тiркеу
30-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу
31-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету
36-1-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары
36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры
36-3-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақысы
36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
36-5-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын талаптар
36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар
37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау
40-бап. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті лицензиялау
8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау
41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негізгі мiндеттерi мен қағидаттары
43-бап. Уәкілетті органның құзыреті
9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу
46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
47-1-бап. Сақтандыру міндеттемелері
49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау
50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен мәмiлелер жасау
51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау
52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызметке қатысуы
52-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
52-3-бап. Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау
10-тарау. Қадағалап ден қою шаралары, санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
53-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
53-2-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
53-4-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру
55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілік
56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айырудың зардаптары
59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
60-бап. Актуарийді лицензиясынан айыру
63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден бас тарту
65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негіздері
66-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi
67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату ерекшеліктері
68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту
69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi
70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы
71-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану
72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгi
13-тарау. Есеп беру және өзге де мәселелер
74-бап. Қаржылық және өзге де есеп беру
75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы
75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер
77-бап. Құжаттарды сақтау тәртібі мен мерзiмi
78-бап. Уәкiлеттi органның шешiмiне шағым жасау
14-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет
81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат
82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары
15-тарау. Сақтандыру омбудсманы
87-бап. Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі және оның құзыреті
88-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар
89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері
90-бап. Сақтандыру омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі
91-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі
92-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға», «, терроримзді қаржыландырудың» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың» деген сөздермен ауыстырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінiң қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ жаңа редакцияда
2-1. Осы Заңның 9-бабының 8-тармағын қоспағанда, осы Заң Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметіне байланысты қатынастарды, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен бап 3 тармақпен толықтырылды
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары
Сақтандыру нарығына кəсіби қатысушылардың қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін құру жəне ұстап тұру, ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың, сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі негізгі ережелерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашу, олардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығында қызмет ету шарттарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі - Ұлттық Банк) осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Ұлттық Банктің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне қатысты қолданылатын ережелері (10-1, 10-2, 10-3, 13, 16-2, 16-3, 21, 24, 25, 25-1, 26, 27, 28, 30, 31, 32, 35, 40, 48, 49, 50, 51, 52, 52-3, 53-4, 62, 63, 65, 68, 69, 71, 72, 73, 74-1-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Осы Заңның 6, 9, 11-1, 12, 15-1, 15-2, 16, 17, 18, 18-1, 19, 20, 31-1, 34, 36-2, 36-3, 37, 37-1, 46, 47, 52-1, 53, 53-1, 54-1, 55-2, 56, 72-1, 75, 75-1, 77, 79, 81, 82-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Ұлттық Банктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.
2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) актуарий - уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-2) тармақша жаңа редакцияда
1-2) актуарийдің кәсіби пайымы - актуарийдің кәсіби даярлығына, біліміне және актуарлық қызметті жүзеге асыру тәжірибесіне негізделген пайымы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-3) актуарийлер бірлестігі - актуарийлердің ерікті мүшелігіне негізделген, өз мүшелерінің мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіби қызметіне жағдай жасау және өзге де функцияларды орындау үшін құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-4) андеррайтер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
2) ассистанс - сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерiнен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуi;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
бір тұлға дауыс беретін акциялардың, қатысу үлестерінің, пайлардың не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарының елу пайыздан астамын тікелей жəне (немесе) жанама иеленген жəне (немесе) пайдаланған жəне (немесе) оларға билік еткен;
бір тұлғаның заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын тікелей немесе жанама сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендіру туралы заңнамасына сəйкес құрылған арнаулы қаржы компаниясының немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сəйкес басқа заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның қаржылық есептілігіне қосқан;
шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уəкілетті орган белгілеген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін бір тұлғаның өз бетінше не бір немесе бірнеше тұлға бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын басқа ұйымға бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым);
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйым бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым);
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жанама иелену - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның ірі қатысушысының жəне (немесе) заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның бірлесіп ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешіміне дауыс беретін акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не заңды тұлғаға немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымға үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену арқылы ықпал ету мүмкіндігі;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)