Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы (2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін тағылымдамадан ойдағыдай өткен және тағылымдама қорытындысы бойынша соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған (Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бiтiрген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады);

6) «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптар жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды.

2. Мынадай:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

2) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам судья болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін қызметтен шығарылған адам судья болып тағайындалмайды;

3) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

4) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

5) бұрын сотталған;

6) қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

7) судья лауазымынан, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметтен шығарылған адам судья бола алмайды.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе қасақана бұрмалау судья лауазымына тағайындаудан немесе судьяның бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысудан бас тартуға негіз болып табылады.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар азамат облыстық соттың судьясы бола алады.

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он сегіз жыл жұмыс өтілі немесе кемінде сегіз жыл судьялық жұмыс өтілі, оның ішінде облыстық сотта кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі бар азамат кассациялық сот судьясы бола алады.

2021.20.03. № 19-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде он жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, оның ішінде бес жыл облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

Жалпы отырыстың қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.

Өтілдің болуы, тағылымдамадан өту, біліктілік емтиханын тапсыру, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қорытындысының қажеттігі туралы талаптар Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатқа, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 30-бабы 4-тармағының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларда қолданылмайды.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Аудандық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

Екінші бөліктің қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр. ред. қара)

Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жұмыс орны бойынша тиісінше Жоғарғы Соттың, облыстық соттың, кассациялық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

Осы тармақтың облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алу қажеттігі туралы талабы жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға, сондай-ақ бұрын судья лауазымын атқарған адамдарға ғана қолданылады.

Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс.

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа:

1) егер осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза алып тасталған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) егер Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия оған қатысты осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешім шығарған күннен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;

3) атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның;

4) Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің қатысуына жол берілмейді.

Осы тармақтың атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның конкурсқа қатысуына жол бермеу туралы талабы:

1) шалғай жерде орналасқан соттарда судья лауазымына орналасуға ниет білдірген судьяларға;

2) тұрғылықты жерін ауыстыруды талап ететін ауруының бар екендігі туралы медициналық қорытындысы бар судьяларға;

3) бұрын соттың қайта ұйымдастырылуына және таратылуына, соттар судьяларының штат санының азайтылуына байланысты судья лауазымына конкурссыз тағайындалған судьяларға қолданылмайды.

Шалғай жерлерде орналасқан соттардың тізбесін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Судьялыққа кандидаттар негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, тұрақты негізде сотта ақы төленетін тағылымдамадан өтеді. Бұл ретте судьялыққа кандидаттар Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өтуі мүмкін. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарттары, тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.

9. Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судьялық лауазымға орналасу құқығы беріледі.

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9-1. Жоғары Сот Кеңесінің құрамына тағайындалған судьяларға Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және отставкаға шыққан кезде ескеріледі.

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

10. Судьялық жұмыс өтіліне судьяның осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көрсетілген лауазымдарда жұмыс істеген уақыты қосылады.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты өз өкілеттігін тоқтатқан судьяға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және отставкаға шыққан кезде ескеріледі.

11. Бос судьялық лауазымдарға кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі өлшемшарттар жүйесін, оның ішінде соттағы, прокуратура органдарындағы, адвокатурадағы жұмысын ескеретін өлшемшарттарды пайдалана отырып, осы Конституциялық заңда және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 29 -1- баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)

29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру

1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесі уәкілетті орган мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді; 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30-бап. Сот судьясының, төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына кандидаттарды іріктеу

1. Судья лауазымына кандидаттарға шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан, лауазымға орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі.

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос лауазымдарға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар қатарынан конкурстық негізде жүзеге асырады.

Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша тізбесін Жоғары Сот Кеңесі бекітетін, құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын, кассациялық, облыстық сот судьясының бос лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін. Мұндай жеке конкурстық іріктеудің тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.

Шалғай жерде орналасқан соттың судьясы лауазымына конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесі осы сот судьясының бос лауазымына Жоғарғы Сотпен келісу бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекіткен сыныптау шәкілін негізге ала отырып, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамды ұсына алады.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

2-1. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған адамдар қатарынан жүзеге асырады.

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Облыстық соттар, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысы оларды қарағаннан кейін Жоғарғы Сот Төрағасының енгізген ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды.

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.

Шалғай жерде орналасқан соттарда немесе штат саны үш бірліктен аспайтын соттарда кемінде бес жыл жұмыс істеген судьялар аудандық соттарда тең дәрежелі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде өзге жағдайлары тең болса, басымдыққа ие болады.

Облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, облыстық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсыным жасалады.

Кассациялық соттардың төрағалары бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, кассациялық сот судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі, оның ішінде облыстық сотта кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.

Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының, кассациялық сот судьясының және төрағасының, Жоғарғы Сот судьясының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.

Аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, кассациялық сот төрағасының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген өлшемшартқа қосымша ұйымдастырушылық қабілеттері де ескеріледі.

Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының лауазымына кандидат Жоғарғы Сот судьялары арасынан ұсынылады.

Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа да соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымдарға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.

Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот судьясының лауазымына кандидатты сайлау туралы ұсынуды конкурстан тыс тәртіппен енгізуге құқылы.

Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.

Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидатураларды, осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына баламалы негізде енгізеді.

 

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Судьяның кәсіби қызметін бағалау деп оның кәсіби білімінің деңгейін және оны сот төрелігін іске асыру кезінде қолдана білуін, сот қызметінің нәтижелерін және оның осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сай келуін бағалау танылады.

Судьяның кәсіби қызметін бағалау судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, кәсіби біліктілікті бағалау және оның өсуін ынталандыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жауаптылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі.

Судьяның кәсіби қызметін бағалау бірінші рет судья лауазымындағы үш жылғы жұмысының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Одан кейін судьяның кәсіби қызметін бағалау әр бес жыл сайын жүргізіледі.

Жиырма және одан көп жыл судьялық өтілі бар судьялар кәсіби қызметті мерзімді бағалаудан босатылады.

2. 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Судьяның кәсіби қызметін бағалауды Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия тоғыз мүшеден - облыстық соттардың төрт судьясынан, кассациялық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың бір судьясынан және отставкадағы екі судьядан тұрады.

Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияны қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.

Судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия әзірлейді және Жоғары Сот Кеңесімен алдын ала келісілгеннен кейін Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітеді.

 

31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртібі

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Жергілікті және басқа соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)

3. Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)

3-1. Облыстық соттардың сот алқаларының төрағаларын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Жергілікті және басқа да соттардың төрағаларын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды.

5-тармақтың екінші бөлігі 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Облыстық соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары өздері атқаратын лауазымға немесе тең дәрежелі соттардағы ұқсас лауазымға екі реттен артық тағайындала алмайды.

6. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн, егер олар тиісінше басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған немесе сайланбаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.

Тиiстi сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.

Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осындай лауазымға тағайындалмаған Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 8-тармақ өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы сот судьялары өздерінің келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкін.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1. Осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судьяны басқа сотқа ауыстыру кезінде судья өзінің келісімімен жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа судьяның бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкін.

2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақпен толықтырылды; 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9. Осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша лауазымынан босатылған жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары тиісті сот судьясының өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.

Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.