Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

4. Судья орнынан түсуі тоқтатылған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктерден айырылады.

Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Орнынан түсуді тоқтату судьяны орнынан түсуіне байланысты лауазымнан босатудың сол тәртібімен жүзеге асырылады.

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Отставкадағы және судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған судьялар, олардың келісімі болған кезде судьяның уақытша болмауы кезеңінде, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге сот төрелігін іске асыруға тартылуы мүмкін.

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Орнынан түсуге құқықты растауды және оны тоқтатуды Жоғары Сот Кеңесі жіберген материалдардың негізінде Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия қарайды.

Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі Жоғары Сот Кеңесіне қарау үшін жіберіледі.

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)

35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру

2023.20.04. № 225-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Судьяны әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.

2015.31.07. № 341-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Судья теріс себептер бойынша лауаымынан босатылған кезде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған қосымша міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджетке алынады.

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда

36-бап. Жоғары Сот Кеңесі

Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын қалыптастыру тәртібі және жұмысын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

 

37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары

1. Судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында судьялардың қоғамдық бiрлестiктер құруға құқығы бар.

2. Судьялық бiрлестiктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi, қорғайды және сот төрелiгiнiң iске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиiс.

 

38-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-1-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)

38-1-бап. Сот жюриi

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-тармақтың екінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр. ред. қара)

1. Судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін Жоғары Сот Кеңесінің жанынан Сот жюриі құрылады.

Сот жюриі он үш судьядан - аудандық соттардың үш судьясынан, облыстық соттардың төрт судьясынан, кассациялық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.

Судьялар Сот жюриінің құрамына осы Конституциялық заңның 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша тағайындалады, ал заңгерлер қауымының өкілдерін ұйымдардың жарғысына сәйкес олардың ұсынымы бойынша Жоғары Сот Кеңесі тағайындайды.

Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриінің құрамына кандидатураларды уәжді шешімімен қабылдамауға құқылы.

Сот жюриінің төрағасын Сот жюриі құрамының өзі өздерінің арасынан сайлайды.

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына мыналар негіз болып табылады:

1) судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін судьяға қатысты, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сот төрағасына немесе соттың сот алқасының төрағасына қатысты Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы;

2) облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде сот төрағасының немесе сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы шешімдері;

3) сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша ұсыну;

4) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы, сондай-ақ тексеру қорытындылары бойынша судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісі расталған масс-медиадағы, онлайн-платформалардағы, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарындағы мәліметтер бойынша шешімдері.

3. Сот жюриінің қызметін қамтамасыз етуді Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады.

4. Сот жюриiн қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Сот жюриінің материалдарды, тәртiптiк iстердi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.

 

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 38-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-2-бап өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 38-2-бап жаңа редакцияда

38-2-бап. Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі - Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады.

Академияда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша осы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сай келетін азаматтар оқи алады.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде магистратурада оқу үшін Жоғары Сот Кеңесі тиісті жылға аудандық соттардың судьялары бос лауазымдарын ескере отырып, өңірлер бойынша квота белгілеуге құқылы.

Жоғары Сот Кеңесі Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.

Академияны құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-3-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-3-бап өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

38-3-бап. Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, кассациялық сот судьясы және төрағасы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резерві

Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, кассациялық сот судьясы және төрағасы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия қалыптастырады.

Кадр резерві жөніндегі комиссияны қалыптастыру және кадр резервімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.

 

 

2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI

 

39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Қызметтік міндеттерін атқару не қызметтен тыс кездегі кінәлі әрекет (әрекетсіздік) салдарынан осы Конституциялық заңның және (немесе) Судья әдебі кодексінің ережелері бұзылып, бұл сот билігі беделін түсіруге және судьяның беделіне нұқсан келтіруге алып келген тәртіптік теріс қылық болып табылады.

Судья тәртiптiк жауаптылыққа:

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тартылуы мүмкін.

Заңдылықты өрескел бұзу деп судья өзінің адал болмауы немесе ұқыпсыздығы салдарынан жол берген, заңды анық және елеулі түрде бұзуы түсініледі.

Заңдылықтың өрескел бұзылу фактісін осы негіз бойынша сот актісінің күшін жойған немесе өзгерткен жоғары тұрған сот сатысы анықтайды және істі қараған судьялардың алқа құрамы қол қойған, судьяны заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі жөніндегі ұсынуда көрсетіледі.

Дәлелдемелерді бағалауға байланысты сот актісінің күшін жою немесе оны өзгерту заңдылықты өрескел бұзу болып табылмайды;

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 36-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)

2) судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн тартылуы мүмкін.

3) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Судьялық қате, сондай-ақ сот актісінің күшін жою немесе оны өзгерту, егер заңдылықтың өрескел бұзылу фактісі анықталмаса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.

Судьяның кінәлі әрекеттеріне байланысты емес, материалдық немесе процестік құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеуге және қолданбауға алып келген іс-әрекет судьялық қате деп танылады.

 

40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi

1. Судьяларға тәртiптiк жазаның мына түрлерi қолданылуы мүмкiн:

1) ескерту;

2) сөгiс;

3) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiнен босату;

5) осы Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босату.

2. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн тәртiптiк терiс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кiнәсiнiң дәрежесi ескерiле отырып, тек бiр тәртiптiк жаза қолданылады.

 

41-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)

42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу теріс қылық анықталған күннен бастап - бір жылдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған күннен бастап екі жылдан кешіктірілмей басталуы мүмкін.

Судьяның тәртіптік теріс қылық анықталған күннен кейін дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақыты осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерге қосылмайды.

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-1. Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықтың бұзылу фактісі анықталған, судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі жөніндегі ұсынуды шығарған күн судьяның сот ісін қарау кезінде заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылық анықталған күн болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс қылық жасалған күн болып есептеледі.

Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы енгізілген күн немесе судья әдебі жөніндегі комиссияның судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісін анықтаған шешім шығарған күні судья әдебіне қайшы келетін тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал осындай теріс қылық жасалған күн немесе кезең оның жасалған күні болып есептеледі.

Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы енгізілген, лауазымдық міндеттерді тиісінше орындамау фактісін анықтаған облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдер қабылдаған күні соттар төрағаларының, соттардың сот алқалары төрағаларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал соттар төрағаларының, соттардың сот алқалары төрағаларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған күні немесе кезеңі осындай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі.

Егер тәртіптік теріс қылық жасалған күн уақыт кезеңімен айқындалатын болса, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерді есептеу кезең аяқталғаннан кейінгі келесі күннен бастап жүзеге асырылады.

2. Тәртiптiк iс жүргізу қызметтік тексеру және судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытын есептемегенде, басталған күнінен бастап екi ай мерзiмде аяқталуға тиiс.

 

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 42-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері

Судья барлық материал Сот жюриіне жіберілгенге дейін олармен танысуға тиіс.

Судья тәртіптік істі қарауға жеке өзі, сондай-ақ өкілдерімен бірге қатысуға құқылы.

Адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары ғана судьяның өкілдері бола алады.

 

43-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)

44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіптік қызметін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) атқаратын лауазымына сай деп тану;

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) Академияға біліктілікті арттыру курстарына, оның ішінде жеке жоспар бойынша жібере отырып, атқаратын лауазымына сай келеді деп тану;

2) 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне алуға ұсыным жасау;

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда  (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы;

5) кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану;

6) 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімі ұсынымдық сипатта болады.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.

Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.

3. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отставкаға құқықты растау туралы өтініш бойынша материалды, сондай-ақ отставканы тоқтату туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) отставкаға құқықты растау туралы;

2) отставкаға құқықты растаудан бас тарту туралы;

3) судьяның отставкасын тоқтату туралы;

4) судьяның отставкасын тоқтатудан бас тарту туралы.

4. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін.

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шығарған шешімнің күшін жояды. Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімінің күшін жоюы Жоғары Сот Кеңесінің не Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы бапта көзделген өзгеше шешім қабылдауына негіз болып табылады.

Жоғары Сот Кеңесінің осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешімді қабылдауы Жоғары Сот Кеңесінің судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.

 

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 44-1-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)

44-1-бап. Сот жюриінің шешімдері

1. Сот жюриі тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік жазаны қолдану туралы;

2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы.

2. Сот жюриінің шешімі Жоғары Сот Кеңесінің төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

3. Сот жюриінің шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін.

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Жоғары Сот Кеңесінің сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы не Жоғары Сот Кеңесінің судьяға қандай да бір тәртіптік жаза қолданудың негізсіздігі туралы шешімі Сот жюриі шығарған шешімнің күшін жояды және тәртіптік іс қайта қарауға жіберіледі.

Сот жюриі шешімінің күші жойылған кезде Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриіне осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген өзге тәртіптік жазаны қолдануды не судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатуды ұсынуға құқылы.

 

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi

1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Судьяның тәртібі мiнсiз болған және ол өз мiндеттерiн адал атқарған кезде, Сот жюриі тәртіптік жазаны ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.

 

46-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

 

47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету

1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету оның мәртебесiне сай болуға және сот төрелiгiн толық әрi тәуелсіз жүзеге асыру мүмкiндiгін қамтамасыз етуге тиiс және оны азайтуға болмайды.

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеу судьяның мәртебесi, оны тағайындау және сайлау тәртiбi, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функциялар ескеріле отырып, Конституцияның 65-бабының 8) тармақшасына сәйкес айқындалады.

2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі болған жағдайда оған төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.

 

48-бап. 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары

Судьяларға сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

50-бап. Көшкен кездегi өтемақы

Қызметi бойынша Қазақстанның бір өңірінен екінші өңіріне судья болып тағайындалған (сайланған) судьяларға, қайта тағайындалған (қайта сайланған) судьяларға және олардың отбасы мүшелерiне көшуге байланысты шығыстары шыққан шығынының көлемiнде төленедi.

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 51-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету

1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.

2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Судья үнемі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жай оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін.