2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген талаптар астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттарының басшыларына да қолданылады.
Егер тағайындау кезінде астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттарының басшылары саяси партиялардың филиалдары мен өкілдіктерінде лауазымдарды атқарып жүрген болса, олар тағайындалған күннен бастап он күн ішінде көрсетілген лауазымдарды босатуға тиіс.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұруға міндетті.
2-тарау. Мәслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 5 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-бап. Мәслихаттарды құру тәртібі
1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу үшін тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi.
6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген (қосылған, біріккен) және қайта құрылған жағдайларда, мәслихат депутаттары жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды және қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары бөлініп шығу немесе бөліну арқылы өзгерген жағдайда:
1) аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихат депутаттары олардың сайлау округтеріне тиесілігіне қарай бөлінеді;
2) саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша сайланған мәслихат депутаттары тиісті саяси партияның пікірі ескеріле отырып, мәслихаттың шешімі бойынша жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің халық санына пропорционалды түрде бөлінеді.
Әкімшілік-аумақтық бірлік таратылған жағдайда тиісті мәслихат таратылады.
8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
11.05.04 ж. № 552-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 09.07.04 ж. № 583-II ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен; (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен; (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен; (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Мәслихаттардың құзыретi
1. Мәслихаттардың құзыретiне:
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан әкімдері (қаладағы әрбір аудан бойынша жеке-жеке) іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;
4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-2) тармақша жаңа редакцияда
4-2) қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-3) жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-4) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекіту;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-5) өңірлік нышанды бекіту;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-6) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу;
5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті Әкімдіктің дербес құрамын келісу;
5-1) 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
6-1) 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-1) тармақша жаңа редакцияда
7-1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы сайлау;
8) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
9-1) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 9-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
2021.03.01. № 406-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
11) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
12-1) әкімнің ұсынысы бойынша «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру;
2026.07.04. № 277-VIII ҚР Заңымен 12-2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
12-3) облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені әзірлеу және бекіту;
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде неке және отбасы институтын нығайту, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау, анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі нысаналы индикаторларды бекіту;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
2008.24.12. № 111-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретіне сонымен бірге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекіту және медицина қызметкерлерін қоса алғанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау жатады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының құзыретіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін бес жылға лауазымға тағайындау, сондай-ақ оларды лауазымнан босату жатады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2-тармақ өзгертілді
2-2. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарының құзыретiне жануарларды асырау қағидаларын, елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, сондай-ақ бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген өзге де қағидаларды бекiту жатады.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-3. Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының құзыретіне әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының және жеңілдіктердің, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ең төмен кепілдік берілген көлемді айқындау қағидаларын бекіту жатады.
2-4. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарының құзыретіне жануарлар асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жатады.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 2-5-тармақпен толықтырылды
2-5. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретіне жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы шешім қабылдау, олардың құрамын және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді бекіту жатады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-6-тармақпен толықтырылды
2-6. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретiне астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту жатады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-7-тармақпен толықтырылды (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретіне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін және олардың атқарылуы туралы есепті бекіту жатады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-8-тармақпен толықтырылды
2-8. Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретіне жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту жатады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2-9-тармақпен толықтырылды
2-9. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының құзыретіне тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жатады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 2-10-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-10. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне шетел азаматтары үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту жатады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-11-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2-11-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-11. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мəслихаты сайланған əкімнің орнынан түсуін қабылдау немесе орнынан түсуін қабылдаудан уəжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Орнынан түсуді қабылдау немесе орнынан түсуді қабылдаудан бас тарту туралы шешім сайланған əкімнің жеке жазбаша өтініші берілген күннен бастап бір ай мерзімде қабылданады.
Отставка қабылданған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті шешімінің көшірмесі аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 2-12-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
2-12. Облыс мәслихатының құзыретіне аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін бекіту жатады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2-13-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-13. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінен тыс ұсынудың тізбесі мен тәртібін бекіту жатады.
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 2-14-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-14. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының құзыретіне тиісті аумақтың білім беруді дамыту жоспарын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту жатады.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 2-15-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-15. Республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретіне:
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын бекіту жатады.
2) 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-16-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-16. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мəслихаттары тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітеді.
2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2-17-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-17. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мəслихаты сайланған əкімге атқаратын лауазымына сай емес деп тану түрінде тəртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесі келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сайланған əкімнің өкілеттігін тоқтату не оның өз міндеттерін жүзеге асыруды жалғастыруы туралы мəселені қарайды.
Сайланған əкімнің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мəслихаты шешімінің көшірмесі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Аумақтық сайлау комиссиясы аудан (облыстық маңызы бар қала) мəслихатының шешімі негізінде сайланған əкімді өкілеттігінен айыру фактісін назарға алады.
3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады.
3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесін келісу аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мəслихаттарының құзыретіне жатады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi Әкімдіктердің ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарға сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.08.07. № 118-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары коммуналдық қалдықтарды (тұрмыстық қатты қалдықтарды, кәріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасын) көмгені, жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны (жыл сайын), орман пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы мөлшерлемелерін бекітеді.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ядролық қондырғылар мен объектілерді салуға келісім беру туралы мәселені қарайды.
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Алматы қаласын қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді.
7. 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-бап. Мәслихаттың актілері
1. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актілері болып табылады.
2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
3. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi.
2015.02.11. № 384-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 481-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерді қабылдауы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртібімен жойылады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
1-1. Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады.
2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мәслихат төрағасын сайлайды және лауазымынан босатады және оның есептерiн тыңдайды;
2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;