Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға
арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 ақпан № 176 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 176; 04.03.04 ж. № 272 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 176 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының басшылары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 176 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 176 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының