Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11 желтоқсандағы № 1152 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 18
сәуірдегі № 350 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 11
желтоқсандағы № 1152 бұйрығы


Білім алушылардың құқын және мүмкiндiктерiн одан әрi кеңейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 350 бұйрығымен бекітілген "Жоғары кәсiби білім беретiн білім беру орындарында білім алушыларды қайта алу және ауыстыру тәртібі туралы" бұйрыққа келесi өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) Көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Жоғары кәсiби білім беретiн білім беру орындарында білім алушыларды қайта қабылдаудың және ауыстырудың тәртібі туралы Ережеге:

1-бөлiмiнiң:

4-тармағында:

бірiншi абзацында "білім беру ұйымының біреуiнен екiншiсiне" деген сөздер алынып тасталсын;

екiншi абзац "курста" деген сөзден соң "академиялық қарызы, iшкi тәртiп ережелерiн бұзғаны үшiн" сөздерiмен толықтырылсын;

келесi мазмұнды абзацпен толықтырылсын:

"Қысқы емтихандық-сынақ сессиясын табысты тапсырғаннан соң бірiншi курстың білім алушыларының бір ұйымнан екiншi ұйымға ауысуға құқы бар";

5-тармақта:

"Білім алушының" сөздерiнiң алдында "Күндiзгi және сырттай оқу түрiнде" сөздерiмен толықтырылсын;

келесi мазмұнды абзацпен толықтырылсын:

"Сырттай оқу түрiнде білім алушының қайта қабылдауға немесе ауысуға байланысты өтiнiшi білім беру ұйымының басшысымен кезектi емтихандық-сынақ сессиясының басталуына дейiн қаралады";

2-бөлiмде:

7-тармақта "бес" сөзiнiң алдында "мiндеттi түрде" деген сөздермен толықтырылсын;

келесi мазмұндағы 9-1 және 9-2 тармақтарымен толықтырылсын:

"9-1. Ақысын төлемегендiктен немесе оқу төлемақысына қарыздар болғандықтан семестр барысында оқудан шығарылған ақылы негiзде білім алушылардың, ақысын төлеген немесе қарызын жойған уақыттан оқуға қайта қабылдануына құқы бар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.