Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік
кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару
мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 28 ақпандағы № 290 қаулысы
(2008.21.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 182 қаулысымен тақырып өзгертілді
Мемлекет тарапынан кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482; 27.06.02 № 699; 28.12.02 ж. № 1405; 30.06.03 ж. № 630 (бұр. ред. қара); 16.02.04 ж. № 182 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгерді
1. 1-қосымшаға сәйкес кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін):
ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын;
ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн;
3) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) ұйымның атынан:
ұйымның қызметi мен оны дамытудың орта мерзiмдiк жоспарын (қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын) орындаудың нәтижелерiне ұйымның бiрiншi басшысының жауапкершiлiгі мен материалдық ынталандырылуының тiкелей байланысты болуын көздейтiн ұйымның бiрiншi басшысымен келісім-шарт;
аудиторлық ұйыммен жыл сайынғы аудит жүргізуге шарт жасасуын;
4) басшысы қоғамның директорлар кеңесiнiң төрағасымен (мемлекеттік басқару органымен - РМК үшін) келісім бойынша тағайындалатын iшкi аудиттiң жеке құрылымдық бөлiмшесiнiң ұйымда болуын;
ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 691 Қаулысымен 5) тармақша редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен міндетті аудитті жүргізу жөніндегі біліктілік талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымдардың қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттен Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарын ресми жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялаған халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарына сәйкес ұйымның жыл сайынғы аудитінің жүргізілуін;
6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiткен нысандар бойынша таралымы 30 мың данадан асатын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жылдық (аудиторлық ұйым куәландырған) және тоқсандық қаржы есептiлiгiнiң уақытылы жариялануын;
8) ұйым басшылары шетелдiк iссапарларының уәкiлеттi органмен келісілуiн;
9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым, оның еншiлес, тәуелдi ұйымдары және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және қатысушылардың қаржылық есеп беруiнде оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, осы қызметтен алынатын активтердi, мiндеттемелердi, кiрiс пен шығысты көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары (бұдан әрi - бiрлесiп бақыланатын ұйымдар) бөлiгiнде - жеке, сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай мерзiмдерде ұсынуын:
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы - РМК үшiн) алдында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң негiзгi ұйым қызметiнiң көрсеткiштерiне ықпалы туралы жарты жылдық есептер беру жүзеге асыруын;
11) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы алдында - РМК үшін) алдында ұйымның орта мерзiмдi жоспардың iске асырылуы туралы жыл сайын есеп берудi жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482 ; 27.06.02 ж. № 699 қаулыларымен 2-тармақ өзгерді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкіметіне берудi:
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей;
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 08.10.01 ж. № 1298 қаулыcымен қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 691 Қаулысымен 2-1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5), 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келісім бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 3-тармақ алынып тасталды
3. Уәкiлеттi органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен 2-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестерiнiң сайлануын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 27.06.02 ж. № 699 қаулыcымен қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 30.06.03 ж. № 630 қаулыcымен (бұр. ред. қара) 3-1 тармақ өзгертілді
3-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген ұйымдардың даму жоспарлары құрылымына және мазмұнына бiрыңғай талаптарды әзiрлесiн әрi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының