ҚР мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 ж. 26 ақпандағы № 10 бұйрығы (2005.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық
құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен)
шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу
ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық
резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының
2001 ж. 26 ақпандағы № 10 бұйрығы

(2005.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 128 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" заңына сәйкес

Бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелерін заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жүргізілсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

Төраға

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік материалдық

резервтер жөніндегі агенттігі

Төрағасының

2001 ж. 26 ақпандағы № 10

бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы

мемлекеттік материалдық резервінің материалдық

құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен)

шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және

өткізу ережелері

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.