Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 ж. 20 маусымдағы № 237 қаулысы (2005.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 ж. 20 маусымдағы № 237 қаулысы

(2005.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.25.07. № 65 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесi бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жiберсiн;

3) 2002 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық стратегиясын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне сәйкес келтiрсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Г.А. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

 Үкіметімен мақұлданған

20 маусымның 2001 жылғы

№ 237 қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын

жүзеге асыру ережесi

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.