Ғылыми атақтар берудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 421 бұйрығы(күші жойылды)

Ғылыми атақтар берудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым Министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы
№ 421 бұйрығы

ҚР Білім және ғылым министрінің 10.01.03 ж. № 15 бұйрығымен 2003 ж. осы бұйрықтын күші жойылды


                                БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ғылыми атақтар берудің ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары аттестациялық комитеттің төрағасы А.Қ. Құсайыновқа жүктелсін.


Министрдің

     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым Министрі

міндетін атқарушының

2001 жылғы 4 маусымдағы

№ 421 бұйрығымен бекітілген


ҒЫЛЫМИ АТАҚТАР БЕРУ

ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Жалпы қағидалар

1. Осы Ережелер терең кәсiби білімi бар, ғылыми және ғылыми-педагогтық қызметте жетiстiктерге қол жеткiзген адамдарға профессор және доцент ғылыми атақтарын беру тәртібін белгiлейдi. Ғылыми атақтарды iзденушiлерге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестациялық комитетi (бұдан әрi - ЖАК) анықтайды және ол талаптар мемлекеттік үлгiдегi құжаттарға қолданылады.

2. Профессор және доцент ғылыми атақтарын жоғары оқу орындарының, ғылыми, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерiне сол ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерiнiң ұсынысы бойынша ЖАК бередi.

3. Профессорлар мен доценттерге Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерiне ғылыми атақтар берiлетiн мамандықтар номенклатурасына сәйкес белгiленген мемлекеттік үлгiдегi аттестаттар тапсырылады.

2. Ғылыми атақтар беру

4. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар, профессор немесе жоғары оқу орны кафедрасының меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бір жыл бойы нәтижелi атқарып жүрген:

     1) жоғары оқу орнындағы ғылыми-педагогтық стажы он жылдан кем емес;

2) диссертация қорғағаннан кейiн кем дегенде бес ғылыми еңбегi, оның iшiнде кем дегенде үшеуi ЖАК ұсынған басылымдарда, жарияланған;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.