Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын
лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 21 тамыздағы № 1092 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.03.02 ж. № 280; 14.08.02 ж. № 895;
11.06.03 ж. № 569; 12.02.04 ж. № 170; 2005.06.06. № 564
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 588 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 569 қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңын және Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 191-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2001 жылғы 21 тамыздағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі
қолданылатын лизинг заттарының тізбесі
ҚР Үкіметінің 07.03.02 ж. № 280; 14.08.02 ж. № 895 қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 12.02.04 ж. № 170 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.06.06. № 564 (бұр. ред. қара) қаулысымен тізбе өзгерді