Қазақстан Республикасының есірткі құралдары мен психотроптық заттарды
қажетсiнуiнiң нормалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001
жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.01.02 ж. № 79; 18.09.03 ж. № 947
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
"Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 5-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының есiрткi құралдарын қажетсiнуiнiң 2002 жылға арналған нормалары (қажетсiнудiң жылдық есептеулерi);
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң 2002 жылға арналған нормалары (жылдық қажетсiнудi бағалау) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi 2001 жылғы 15 қарашаға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасын есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен қамтамасыз етудiң 2002 жылға арналған нормативтерiн бекіту үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды қажетсiнуiнiң 2002 жылға арнап бекітілген нормаларын БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөніндегі халықаралық комитетiнiң Штаб-пәтерiне (Вена, Австрия Республикасы) жiберсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысымен
бекітілген
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 23.01.02 ж. № 79; 18.09.03 ж. № 947 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
1972 жылғы 25 наурыздағы Хаттамаға сәйкес оған енгізілген
түзетулермен бірге 1961 жылғы
Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенция
Жылдық есептеулер
Есірткі құралдарына қажеттілік
Синтетикалық есірткіні дайындау
Апиын өндіру
Апиын көкнәрін өсіру
Form B
Page 2
Есірткі құралдарына қажеттіліктердіңжылдық есептеулеріForm B
Page 3
Form B
Page 4Есірткі құралдарына қажеттілікті есептеу
Form B
Page 5Form B
Page 6Бланкінің "В" нысанындағы осы бөлігі синтетикалық есірткі құралдарын
дайындауға рұқсат етілген елдер мен аумақтарға ғана қатысты
Синтетикалық есірткі құралдарын дайындау көлемінің
жылдық есептеулері
І. 1961 жылғы Конвенцияның І тізіміне енгізілген синтетикалық
есірткі құралдары
ІІ. 1961 жылғы Конвенцияның ІІ тізіміне енгізілген синтетикалық
есірткі құралдары
Form B
Page 7Апиын өндіру көлемінің
жылдық есептеулері
Form B
Page 8Апиын өндіруден өзге мақсаттар үшін
апиын көкнәрін өсірудің
жылдық есептеулері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысыменбекітілген2-қосымшаҚР Үкіметінің 23.01.02 ж. № 79; 18.09.03 ж. № 947 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
1971 жылғы психотроптық заттар туралы конвенцияның
ІІ, ІІІ және IV тізімдеріне енгізілген заттардың медициналық
және ғылыми мақсаттар үшін жылдық қажеттіліктерін
бағалау
Ішкі медициналық және ғылыми мақсаттарға
арналған бір жылдық сұраныс
Комитет ұсынылған бағалауды үш жылдың ішінде, егер осы кезең ішінде қандай да бір түзетулер енгізілмесе, басшылыққа алатын болады. Экспортқа қажетті мөлшерді жеке көрсеткен жөн. Егер олар енгізілген болса, көрсетілуін сұраймыз:
ІІ тізім
III тізім
IV тізім
Ескертулер: