Қазақстанның темір жолдары бойынша тасымалдау процесiн жол
тармақтары бар 720 станциялар мен басқа да бөлу қосындары және жол
тармақтары жоқ 33 жол қосындары қамтамасыз етедi. 351 станция мен бөлу
қосыны жүк операцияларын жүргiзедi.
Локомотив шаруашылығының техникалық жарақталуын локомотивтiк
деполарды тағайындалуы және тартым күш түрлерi бойынша топтау арқылы,
сондай-ақ техникалық қызмет көрсету қосындары мен локомотивтердi
экипировкалау сипаттайды. Қазiргi уақытта 28 пайдалану локомотив
деполары, 40 техникалық қызмет көрсету қосындары, 43 экипировкалау
қосындары жұмыс iстейдi. "Локомотивжөндеу" ЕМК құрамына кiретiн 18 жөндеу
локомотив деполары мен бұрынғы локомотив деполарының базаларында құрылған
үш өндiрiстiк кооператив локомотивтердiң ағымдық жөндеуін жүргiзедi.
Локомотивтердiң мүкәммал паркi - 1961 бiрлiк, соның iшiнде 1289 тепловоз
(767 магистральдық және 522 маневрлiк), 618 электровоз.
"Қазақстан темір жолы" РМК-ның вагон шаруашылығы бүгiнгi күнi 16
пайдалану вагон депосынан, 81 жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету
қосынынан, 63 поездар қозғалысы қауiпсiздiгiнiң қосыны мен бекеттерiнен,
167 поездардың жүру барысында ақауларын анықтайтын бақылау қосындарынан
тұрады. Вагондарды деполық жөндеудi "Вагонжөндеу" ЕМК құрамындағы 12
жөндеу вагон деполары мен бұрынғы вагон деполарының негiзiнде құрылған
бес өндiрiстiк кооперативтер жүргiзедi. Жүк вагондарының мүкәммал паркi
2001 жылдың басында 78 774 вагонды құрады.
Жолаушылар шаруашылығында: 7 вагон депосы, 10 жолаушылар вагондарына
техникалық қызмет көрсететiн қосындар және 18 жолаушылар вагондарын сумен
және отынмен жабдықтайтын қосындар бар. Жолаушылар вагондарының мүкәммал
паркi 2085 бiрлiктен тұрады, олардың көп бөлiгiн плацкарт (1062 бiрлiк)
және купелi вагондар (675 бiрлiк) құрайды.
2. "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" РМК-НЫҢ ӨТКЕН ЖЫЛДАРДАҒЫ
ӨНДIРIСТIК-ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТIН ТАЛДАУ
2.1. Өндiрiстiк көрсеткiштер
Көлiк инфрақұрылымының басты элементi болғандықтан теміржол саласы КСРО тарағаннан кейiнгi Қазақстан экономикасындағы дағдарыс үрдiсiнен арыла алмады. Тасымалдар көлемi соңғы 10 жылдың iшiнде ұдайы төмендеп отырды 1999 жылы 1991 жылғы деңгейдiң 26% құраса, 1999-2000 жылдың аяғына қарай өсе бастады.
Егер 1993 жылы Қазақстан темір жолдарының келтiрiлген өнiмдерi 209,6 млрд. келтiрiлген т-км құрады, 1999 жылы ол 110,5 млрд. т-км-ға, яғни екi есеге дейiн төмендедi.
1999 жылы жүк айналымы 1993 жылғы деңгейдiң 48,5%-ына, ал тиеу жұмыстары - 56,8%-ға жеттi. Жолаушылар айналымының төмендеуi бұдан да шапшаң болды: 1999 жылдың деңгейi 1993 жылғы деңгейдiң 43,0%-ын ғана құрады.
Тиеу жұмыстарымен салыстырғанда жүк айналымының шапшаң құлдырауы, қарастырылып отырған жетi жылдық кезеңде транзиттiк жүк тасымалдары көлемiнiң, әкелiнетiн жүктер санының, жүктердi тасымалдаудың орташа ұзақтығының азаюымен түсiндiрiледi. Бұл азаю ең алдымен жұмыстың сыртқы шарттарымен, атап айтқанда:
- бұрынғы Кеңес Одағының аумағында өндiрiстiк өнiмдер шығару көлемiнiң төмендеуiмен;
- бұрынғы КСРО республикаларымен экономикалық байланыстардың үзiлуiмен;
- мұнай мен металдарға дүниежүзiлiк бағаның өзгеруiмен;
- Оңтүстiк-Шығыс Азия мен Ресейдегi қаржылық дағдарыстармен және басқалармен.
Жүктердiң негiзгi түрлерiн тиеу көлемiнiң өзгеруi толықтай алғанда өнiмдердiң тиiстi түрлерiн өндiру көлемiнiң динамикасына сәйкес келдi.
Қазақстан темір жолдарындағы жүк тиеу құрылымы Қазақстанның тау-кен өндiрiсiнiң өнiмдерi ең көп орын алатындығын куәландырады (көмiр, мұнай және руда жүктерiнiң жиынтық жеке салмағы 80% жуық).
1999-2000 жылдардағы оң үрдiс тасымалдар көлемi азаюының ең төменгi нүктесiнен өттiк деуге негiз бола алады. 2000 жылы жүк айналымының көлемi 124,9 млрд. т-км-ге жеттi немесе 1999 жылға қарағанда 36,3% артты.
Толықтай алғанда "Қазақстан темір жолы" РМК бойынша 2000 жылы 1999 жылға қарағанда жүк тиеудiң жалпы көлемi 32 379 мың тоннаға, немесе 26,1% артты. Оның өзiнде тас көмiр, мұнай және мұнай өнiмдерi, руда, қара металдар, астық пен ұнтақталған өнiмдер және т.б. сияқты маңызды жүктердi тиеу артты.
Жүк айналымының жалпы көлемi 2000 жылы 10 215 млн. жолаушы-км құрады, бұл 1999 жылдың деңгейiнен 15,3% артық.
2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда көлемдiк көрсеткiштермен қатар жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткiштерi де жақсартылды. Жүк вагонының өнiмдiлiгi жұмыссыз бос жүрудiң 1,6% төмендеуiнен және жүк тиелген вагонның динамикалық жүктеменiң 1 тоннаға немесе 1,8%-ға көбеюiнен 3,3%-ға артты. Локомотивтiң өнiмдiлiгi поезд салмағының 78 тоннаға, немесе 2,4% және локомотивтiң орта тәулiктiк жол жүруінің 16,7 км, немесе 3,3% көбеюi есебiнен 8,5% артты.
2000 жылдың қорытындысы бойынша жылжымалы құрамды пайдаланудың сапалық көрсеткiштерiн жақсартуға қол жеткiзiлдi.
Жүк поезының брутто салмағы 3374 тоннаға дейін жеткiзiлдi, ол 1999 жылдың деңгейiнен 2,4%-ға жоғары, жүк вагонының жұмыссыз бос жүру пайызы жүк тиелген вагонға қарағанда 1,7% төмендедi.
Локомотивтiң өнiмдiлiгi 1468 мың т-км бруттоға жеттi, яғни 1999 жылғы деңгейден 8%-ға жоғары, бұл локомотивтердi пайдалану тиiмдiлiгiнiң артқандығын куәландырады.
Жылжымалы құрамды пайдалану сапасының жақсаруына байланысты вагондар мен локомотивтердiң жұмысшы паркiнiң өсу қарқыны жүк айналымы өсуінің қарқынынан төмен болды.
Жолаушы тасымалы тиiмдiлiгiнiң артқандығын жолаушы вагондарының сыйымдылығы 26,8 адам/ваг., немесе 1999 жылға қарағанда 13,5%-ға өскендiгi куәландырады.
"Қазақстан темір жолы" РМК-ның өндiрiстiк көрсеткіштерi
2.2. Операциялық қызмет
"Қазақстан темір жолы" РМК-ның тасымалдау жұмысы көлемiнiң айтарлықтай құлдыраған, негiзгi қорларын қалпына келтiруге және жаңартуға қаржы ресурстарының болмаған кезеңiнде өндiрiстiк қызметтi оңтайландыру есебiнен пайдалану шығындарын азайту жөнiнде түбегейлi шаралар қабылдауға тура келдi. Мұндай шараларға мыналарды жатқызуға болады:
- негiзгi қорларды пайдалану шарттарын өзгертумен байланысты iшкi резервтердi іздестiру;
- ескi жарамды материалдарды екiншi рет пайдалану;
- ресурс үнемдейтiн технологиялар мен техникалық құралдарды енгізу;
- бұрын шетелдерден сатып алынатын жүрген қосалқы бөлшектердi, тораптар мен тетiктердi қалпына келтiру және дайындау технологияларын игеру;
- отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеудiң қатаң режимін енгізу.
Қазiргi уақытта операциялық қызметтi оңтайландыру жөнiнде бiршама жұмыстар жүргiзiлдi. Тасымалдау процесiн жоспарлау және оперативтiк басқару функцияларын бөлу сияқты. Тасымалдау процесінің негiзгi технологиялық және техникалық нормативтерiн автоматтандыру соның iшiнде поездар қозғалысының оңтайлы жаңа графигiн әзiрлеу және енгізу жөніндегi жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Ұйымдастыру-техникалық шаралар есебiнен тасымалдау процесiн басқаруды оңтайландыру өндiрiстiк процестен 20 бөлу қосындарын және сұрыптау жүйесi жолдарының, екiншi жолдардың, екi жолды ставкалардың, кiрме жолдардың 220 бiрлiгiн шығаруға мүмкiндiк бердi. Жүк жұмысын ірi станцияларда шоғырландыру маневрлiк локомотивтердiң 21 бірлiгiн қысқартуға мүмкiндiк туғызды. 11 аз пайдаланылатын телiмдерде қызмет көрсететiн тәулiк бойы режимнен шақырып алу режимiне көшiрiлдi.
1998 жылы жұмыс істеп тұрған локомотив деполарының негiзiнде электровоздарды (Атбасар станциясы) және магистральдық тепловоздарды (Шу станциясы) күрделi жөндеу зауыттары құрылды. 1999-2000 жылдары Қазалы мен Құсмұрында маневрлiк тепловоздарды күрделi жөндеу базасы қалыптастырылды. Ауыр жол техникасының, дрезиналар мен автомотристардың барлық номенклатурасын күрделi жөндеу үшiн шеберханалардың негiзiнде Алматы жол техникасын жөндеу жөніндегі зауыт құрылды.
Жоғарыда аталған зауыттарға тиiстi жабдықтар сатып алынып 98 жаңа технологиялық процестер игерiлдi, ол тораптар мен тетiктердiң 1436 атауын дайындауға және 690 атауын қалпына келтiруге мүмкiндiк бердi.
Қамтамасыз етушi қызмет (жөндеу, жылумен және сумен қамтамасыз ету, әскерилендiрiлген күзет және т.т.) тасымалдау қызметiнен тиiстi еншiлес кәсiпорындар құру есебiнен бөлiндi. Саланың негiзгi - локомотив, вагон, жол шаруашылықтарында жөндеудi пайдаланудан бөлу жүргiзiлдi.
Жолаушылар шаруашылығында поездардың жүру кезеңділігiн оңтайландыру, вагондар паркiн басқаруды жетiлдiру, қосымша маршруттар енгізу жұмыстың сапалық көрсеткiштерiн арттыруға мүмкiндiк туғызды, мысалы жолаушылар вагондарының сыйымдылығын арттыруға (ол 23,7 адамнан 26,8 адам/вагон артты). Сонымен бiрге 2000 жылы жолаушылар шаруашылығы мүлiктiк кешенi оңтайландырылды: аз пайдаланылатын вокзалдар, багаж қоймалары, гараждар, инженерлiк желiлер т.б. (барлығы 46 бiрлiк) теміржол көлiгiнiң басқа шаруашылықтарына тапсырылды, ол "Жолаушылар тасымалы" ЕМК-ның пайдалану шығыстарын азайтуға мүмкiндiк бердi.