Сот сараптамасының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 7 қарашадағы № 1414 қаулысы (күші жойылды)

Сот сараптамасының кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 7 қарашадағы № 1414 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 291 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Сот сараптамасы өндiрiсi жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптар бекітілсiн.

2. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түскен қаражатты пайдалану жөнiндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 наурыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түсетiн қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта:

1-тармақтың екiншi абзацында: «азаматтық және қылмыстық iстер бойынша сот сараптамасы органы оның өндiрiсiмен байланысты шеккен шығыстарды өтеу сараптамаларын» деген сөздер «қылмыстық және азаматтық iстер бойынша сот сараптамасы өндiрiсiн, сондай-ақ Орталық қызметкерлерiнiң азаматтық iстер бойынша мамандар ретiнде қатысуын Орталық шеккен шығыстарды өтей отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың екiншi абзацында:

бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

«Орталықтың азаматтық және қылмыстық iстер бойынша сот сараптамаларын жүргiзгені, сондай-ақ оның қызметкерлерiнiң азаматтық iстер бойынша мамандар ретiнде қатысқаны үшiн төлем есебiне алатын сомалары сарапшылардың не мамандардың еңбегiне ақы төлеуден және Орталық шеккен шығыстарды өтеуден тұрады.»;

екiншi сөйлемде «Сарапшы» деген сөзден кейiн «не маман» деген сөздермен толықтырылсын;

«оны өндірумен байланысты» деген сөздер алынып тасталсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2001 жылғы 7 қарашадағы

№ 1414 қаулысымен бекітілген

 

 

СОТ САРАПТАМАСЫ ӨНДIРIСI ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН АРНАЙЫ

ЖАРАҚТАНДЫРЫЛАН YЙ-ЖАЙЛАРА ҚОЙЫЛАТЫН СТАНДАРТТАР МЕН ТАЛАПТАР