Салықтық міндеттемелерді орындау жөніндегі салық қызмет органдары хабардар етулерінің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1466 бұйрығы (ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 16.06.04 ж. № 300 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Салықтық мiндеттемелердi орындау жөніндегі салық қызмет органдары
хабардар етулерiнiң нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1466 бұйрығы
(ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 16.06.04 ж. № 300
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 23.12.04 ж. № 660 бұйрығымен күші жойылды

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 31-бабын iске асыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған хабардар ету нысандары бекітілсiн:

1) салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы;

2) салықтық тексерудiң нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмақылардың және айыппұлдардың сомасы туралы;

3) ҚР ҚМ СК Төрағасының 16.06.04 ж. № 300 бұйрығымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

4) мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ету жөнiнде қабылданатын шаралар туралы;

5) салық берешегiн мәжбүрлi өндiрiп алуға қабылданатын шаралар туралы;

6) дебиторлардың банктiк шоттарындағы ақшаны өндiрiп алудың айналымы туралы;

7) камералдық бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған жолсыздықтарды жою туралы;

8) салық төлеушiнiң шағымдарын қараудың нәтижелерi бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмақылардың және айыппұлдардың есептелген сомасы туралы;

9) салық заңнамасының жолсыздықтарын жою туралы.

2. Заң департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберсiн.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.