Салық мiндеттемесін орындау бойынша салық қызметінің органдары
хабарламаларының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының
2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 660 бұйрығы
ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007.11.03. № 133 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған хабарламалардың нысандары бекітілсін:
1) салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы;
2) салық тексеруінің нәтижесi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсімпұлдардың сомасы туралы;
3) мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесін орындауды қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы;
4) салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алуға қабылданатын шаралар туралы;
5) өндіріп алуды дебиторлардың банктiк шоттарындағы ақшаға айналдыру туралы;
6) камералдық бақылаудың нәтижесi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
7) салық төлеушiнiң шағымын қараудың нәтижесi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсімпұлдардың есептелген сомасы туралы;
8) салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Салықтық мiндеттемелердi орындау жөніндегі салық қызмет органдары хабардар етулерiнiң нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1466 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылы 13 желтоқсанда № 1696 болып тіркелген, 2002 жылы наурызда № 11 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған) бұйрығы;